Ұйымның әлеуметтік саясаты еңбек ұжымын тұрақтандыруға және әр жұмысшыға деген қамқорлыққа бағытталған. Серіктестік өз жұмысшыларын «АМӨЗ» ЖШС жұмысшыларын әлеуметтік қорғау ережелеріне» сай ауқымды әлеуметтік пакет құрамына енетін жеңілдіктер мен өтемақылармен қамтамасыз етіп келеді.
Олардың ішіндегі маңыздылары ретінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:
2021 жылы 101 зауыт тұрғыны жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер алып, тұрғын үй жағдайын жақсартты, 13 зауыт тұрғыны қайталама тұрғын үй алды, 28 перспективті жұмысшы пайызсыз ипотекалық қарыз алды.