«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

1.jpgӨнеркәсіптің әрдайымғы қамқорлығының мәні бұрынғы жұмысшылары, ал қазір зауыт зейнеткерлері болып табылады. Өнеркәсіптің әлеуметтік саясаты жұмыс жасамайтын зейнеткерлерді әлеуметтік қорғаудың ең көкейкесті мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламалар мен шаралар болып табылады. 550 жуық зейнеткерлердің мүдделерін 1991 жылы құралып, «Ветеран» аталған клуб, ал қазіргі таңда «АМӨЗ» ЖШС зейнеткерлерінің Кеңесі – үйлестіруші органқорғайды. Кеңесте кәрі адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін, олардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту, зейнеткерлердің практикалық, психологиялық және әлеуметтік қолдау, олардың қоғамдық өмірге белсене араласуына негізделген жұмыстар жүргізіледі. Зауыттың бұрынғы жұмысшыларының ішінде – Ұлы Отан соғысының 4 ардагері, Еңбек майданының 41 жұмысшысы бар. Ұлы отан ссоғысына қатысқан зауыттың бұрынғы жұмысшыларының 32 жесіріне «Жеңіс Күні»мейрамына әрдайым көтермеленеді.

2.jpgҰжымдық шарт және «Жұмыс жасамайтын зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау ережелеріне» сәйкес зейнеткерлік демалысқа кеткен жұмысшыларға, соғысқа және еңбекке қатысқандар мен мүгедектерге жеңілдіктер мен кепілдіктер қарастырылған. Оның ішінде:

  • зейнетақыға ай сайынғы қосымша төлем;

  • медициналық қамсыздандыру және протездеу;

  • сауықтыру жолдамаларының құнын өтеу;

  • пәтерлерге косметикалық жөндеу жүргізу;

  • пешпен жылытатын жер үйлерде тұратындарды көмірмен қамтамасыздандыру;       

  • зейнеткерлердің немерелеріне мектепке дейінгі мекемелерге демеу қаржы бөлу;

  • жерлеуге материалдық көмек төлеу;

  • мерекелік және мерейтойлық даталарға зейнеткерлерге бір жолғы сыйақы.

Сыйақылар Наурыз, 8- Наурыз, Жеңіс Күні, Мұнайгаз кешені қызметкері күні, Жаңа жыл және жекелеген мерейтойлық мерекелерге; халықаралық Кәрі адамдар күніне және Мүгедектер күніне, «Қамқорлық» демеушілік айлығына жыл сайын материалдық көмек, сонымен қатар 12 түрден тұратын азық-түлік топтамасы бөлінеді.

3.jpgӨнеркәсіп зейнеткерлері «Новатор» газетін және облыстық басылымның бір номерін тегін алады.

Ішіне Наурыз мейрамына, Мұнай-газ кешені қызметкерінің күніне, Жаңа жылға арналған қария адамдар үшін қайырымдылық ас беруі және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілген жауынгер-интернационалистеріне, еңбек тылының қызметкерлеріне және қатысушылардың жесірлеріне Жеңіс күнінде салтанатты құрмет көрсетуі кіретін мерекелік шараларды өткізу бағдарламасы қолданылады.