«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

1.jpgСеріктестікте  мамандардың   кәсіби деңгейлерін арттыруға жете мән берілген.  Оқыту ҚР, ТМД Оқу орталықтарынан ұстаздарды шақырту арқылы, сондай-ақ ҚР, ТМД оқу орталықтарына және алыс шетелге туыстас кәсіпорындарда жұмыс тәжірибесімен алмасу жөніндегі тағылымдамадан өту, зауыттың оқу базасындағы  корпоративті семинарлар және біліктілікті арттыру курстарына қатысу түрінде жүргізіледі.

Қызметкерлер құрамын дамыту бағытында төмендегідей жұмыстар атқарылады:

  • еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселесіне өндірістік-техникалық оқыту;

  • мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету курстары;

  • компьютерлік курстар;

  • «Бөлінген басқару жүйесі» бағдарламасы бойынша технологиялық қондырғылардың аға операторларын технологиялық үдеріспен оқытудың компьютерлік-жаттықтыру курсы;

  • Робот-жаттықтырушыны пайдалану арқылы оқиға орнында  дәрігерге дейінгі алғашқы көмек қөрсету жөніндегі практикалық дағдыларын жұмыспен өтеу курстары.            

Жаңа кешендерде  жұмыс істеу үшін қызметкерлер құрамын дайындау мақсатында Алматы қ. ҚБТУ, Алматы қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Шымкент қ. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Алматы қ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Атырау қ. АМжГИ секілді ҚР жетекші техникалық жоғары оқу орнындарымен оқу бағдарламаларына ароматты көмірсутектер және мұнайды ауқымды өңдеу өндірісінің технологиясы жөніндегі мәселелерді, «органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығын енгізу арқылы жаңа өндірістерде жұмыс істеу үшін химик-технолог-инженерлерін дайындау жағдайына Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ «ОЗХТ» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттер үшін сараманның басшылары болып жоғарыбілікті мамандарды бекіту арқылы зауыттың технологиялық цехтары мен өндірістерінде сараманның барлық түрінен өтуге мүмкіндік ұсынылады.

2.jpgСондай-ақ қол қойылған Меморандум аясында Атырау мұнай және газ институтының үздік үлгерімі бар 3,4 курс студенттер санынан сынақтан өтуші-технологиялық қондырғыларының операторы ретінде дипломалды сараманнан өту үшін конкурстық іріктеу өткізіледі, сондай-ақ стипендиаттар санынан, кейіннен жас мамандарды зауытқа жұмысқа орналастыру арқылы.

2003 жылдан бастап зауытта «Жас маман» бағдарламасы енгізіле бастады, ол 2012 жылға дейін «Молодой специалист» деп аталды. Ол зауыт қызметкерлері балаларының арасынан,  зауыттағы негізгі мамандықтар бойынша ҚР және ТМД-ның жетекші техникалық жоғары оқу орындарында жас мамандарды даярлауға бағытталған.

Әр қызметкер конкурстық іріктеуге  баласын қатыстыру  туралы бас директордың атына арыз жаза алады. Зауыттықтардың балалары арасында конкурстық іріктеу төмендегі критерийлер бойынша өткізіледі: үлгерімі «жақсы», «үздік», сондай-ақ «химия» пәні бойынша олимпиадаларда қатысу.

Бағдарламаның қолданылған уақыты ішінде төмендегі мамандықтар бойынша даярлау жүргізіледі:

  • Мұнай және газдың химиялық технологиясы;

  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы;

  • Табиғи энергоұстаушылардың және көмірсутекті материалдардың химиялық технологиясы;

  • Мұнай-газ ісі;

  • Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары;

  • Релелік қорғаныс және автоматтау;

  • Өнеркәсіп қондырғыларының және технологиялық кешендерінің электр жабдықтары мен автоматикасы;

  • Автоматтау және басқару.

Төмендегі  жоғарғы оқу орындарында:

Қазақстан бойынша- Алматы қ. ҚБТУ, Алматы қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы қ. АЭБИ, Шымкент қ. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Алматы қ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Атырау қ. АМжГИ

Ресей бойынша-Мәскеу қ. И.М. Губкин атындағы РМУ, Мәскеу қ. «СТАНКИН» ММТУ, Қазан қ. С. Киров атындағы ҚХТУ, Уфа қ. УММТУ.

Зауытта жүргізіліп жатқан  қайта жаңғыртуға байланысты 2012 жылдан бастап Ароматты көмірсутектерді шығару жөніндегі кешенінің және Мұнайды тереңдету өңдеу кешенінің жаңа технологиялық қондырғыларында жұмыс істеу үшін жас мамандарды даярлау үшін «органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы басымды болып табылады. Оқудың ақысын төлеу және ай сайынғы стипендияның төлемі емтихан сессияларының қорытындысы бойынша жаслады, сараман басшысын бекіту арқылы зауытта сараманның барлық түрлерінен өтуі жүзеге асырылады, дипломдық жобаның немесе жұмыстың тақырыбы кәсіпорынның өндірістік мақсаттарына сәйкес таңдалады. Аяқталғаннан кейін жас маман алған мамандығы бойынша жұмысқа қабылданады.

3.jpgЖұмысқа қабылданған кезде, жаңа жұмыс орнында бейімделу мақсатында, жаңадан қабылданған қызметкер ішіне 40-сағаттық теориялық оқытуы және тәлімгерді бекіту арқылы жұмыс орнында практикалық сынақтан өтуі кіретін «Бейімдеу бағдарламасы» аясында міндетті оқудан өтеді.

Теориялық даярлау аяқталғаннан кейін жаңа қызметкер тестілеуден өтеді, практикалық сынақтан өту қорытындысы бойынша жұмыс орнында дербес жұмыс істеуге рұхсат алу үшін емтихан тапсырылады.

Оқыту бейімдеу бағдарламасының теориялық бөлігіне зауытта қолданыстағы заңнамалық құжаттармен, нормалар және ережелермен, өнеркәсіп қауіпсіздігінің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының, өрт, газ қауіпсіздігінің талаптарымен байланысты барлық мәселелер кіреді. Жаңадан келгендер ББЖ-нің стандарттарына, экологиялық қауіпсіздік және еңбек заңнамасының мәселелеріне үйренеді, Серіктестіктің Ұжымдық шартымен, корпоративті этикасының Кодексімен танысады. Сондай-ақ жаңадан қабылданған қызметкер оқиға орнындағы алғашқы дәрігералды көмек көрсету әдісіне оқытудың практикалық курсын өтеді. Бейімдеу бағдарламасы бойынша сабақтарды ішкі жаттықтырушы-ұстаздар, зауыт цехтары, бөлімшелері және қызметтерінің білікті мамандары мен инженерлі-техникалық қызметкерлері санынан инструкторлар және тәлімгерлер өткізеді.

Ішкі жаттықтырушы-ұстаздар, инструкторлар және тәлімгерлер ретінде тартылатын мамандар жыл сайынғы біліктілікті арттыратын курстарынан өтеді.

Өндірістен қол үзбей жоғары оқу орнындарында, аспирантурада, докторантурада оқып жатқан Серіктестік қызметкерлеріне жылына ұзақтылығы 40 күнтізбелік күнге дейін емтихан тапсыру, дипломдық жобаны(жұмысты), диссертацияны дайындау және қорғау кезеңіне ақы төленетін қосымша демалыс ұсынылады.