Тұрғын үй құрылысы мен оны іске қосу зауыттың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мысалға, соңғы жиырма жылдықта салынған тұрғын үйлер:
1992 жылы – «Авангард» ықшам ауданындағы 50 пәтерлік үй;
1995 жылы – «Привокзальный» ықшам ауданындағы 27 пәтерлік үй;
Тұрғын қалашықтағы 60 пәтерлік үй;
1996 жылы – «Строитель» ықшам ауданындағы 100 пәтерлік және Шарипов көшесінде орналасқан 40 пәтерлік үйлер;
2000 жылы – Молдағалиев көшесінде орналасқан 72 пәтерлік үй;
2006 жылы – Әуезов көшесінде орналасқан 80 пәтерлік және Тұрғын қалашықтағы 72 пәтерлік үйлер;
2009 жылы – 40 үйден тұратын үймерет қалашығы;
2012 жылы – Тұрғын қалашықтағы 80 пәтерлік үй.
Жүздеген зауыттықтар осы уақыт аралығында өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Пәтерлер мен үймереттерді зауыттықтар жеңілдіктермен алды.