«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

«АМӨЗ» ЖШС-нің сапаны басқару, еңбекті қорғау және  техникалық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу облыстарындағы САЯСАТЫ

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС  «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның бөлігі болып есептеледі және Республиканың мұнай-газ саласының  алдына қойған мемлекет  тапсырмасын орындауда өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін түсінеді. Бұл саясат «АМӨЗ» ЖШС-нің сапаны басқару, еңбекті қорғау және  техникалық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу саласындағы негізгі ерекшеліктерін анықтайды,  бұл туралы менеджменттің интеграцияланған басқару жүйесінің  нұсқаулығында  егжей-тегжейлі жазылған.

Осы Саясатпен Нұсқаулық арқылы менеджменттің интеграцияланған басқару жүйесінің шекаралары  мен  жүйелері айқындалады және құжатпен расталады.

Осы Саясатпен, үнемі өткізілетін  шаралармен, «АМӨЗ» ЖШС қоғам мен сала алдында өз жауапкер- шілігін көрсетіп,  мұнайгаз саласында үлгі-өнеге болуға тырысады.

«АМӨЗ» ЖШС Басшылығы компанияның ең басты бағыты деп еңбекті қорғау және  техникалық қауіпсіздік, сапаны басқару, қоршаған ортаны қорғау және энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу салаларын дамыту мен жұмысын бекітеді және маңыздылығын растайды. 

Қойылған мақсатқа жету төмендегідей басқару жүйелерін  ендіру,  жұмыс жағдайында ұстау және үнемі жақсарту жолымен іске асырылады:

  • сапа менеджменті жүйесінің     ISO «9001:2008» стандарттарына сәйкестігі;

  • экологиялық менеджмент жүйесінің  ISO «9001:2008» стандарттарына сәйкестігі;

  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесінің   OHSAS «18001: 2007»  стандарттарына сәйкестігі; 

  • энергетикалық менеджмент жүйесінің   ISO «50001:2011» стандарттарына сәйкестігі.                                          

Басқару жүйесін үнемі жақсарту,  аталған жүйелерді жүйелі түрде мониторингтеу жолымен, Саясат пен Нұсқаулықты мерзім-мерзіммен қайта қарау  арқылы, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың пікірін алу арқылы қамтамасыз етіледі.

Осы Саясатты жүзеге асыру мақсатында  «АМӨЗ» ЖШС  өзіне мынадай міндеттемелерді алады:

  • Сапаны басқару,   ЕҚ мен ТҚ, қоршаған ортаны  қорғау, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу салаларында  зауыт қызметіне қатысты қолданыстағы   заңдар мен нормативтік актілердің, халықаралық стандарттардың  талаптары мен тәртіптерін сақтау.    

  • Менеджменттің интеграциялан- ған жүйесін өлшеу үшін қолжетімді ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • Мониторингілік бақылау мен жақсарту мақсатында қолданыстағы ықпалдасқан менеджмент жүйесінің нәтижелілігін барынша көтеру, сонымен қатар осыған байланысты есептілік пен ақпараттық бақылауға қолжетімділігін қамтамасыз  ету. 

  • Жұмысшылар мен мердігерлерді   қауіпсіз жұмыс істейтін ортамен  қамтамасыз ету, және еңбекті қорғау мен  техникалық қауіпсіздік, сапаны басқару, қоршаған ортаны қорғау және энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу салаларына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру;

  • Мұнай өңдеудің сапасына үлкен жауапкершілікпен қарауды сұраған  тұтынушылардың талаптарына сәйкес болу және оны орындау;

  • Қоршаған ортаның ластануын болдырмау және бақылау, әлеуметтік және экономикалық факторларды ескере отырып зиянды ықпал етуін  минимумға дейін төмен түсіру;

  • жұмысшылардың, мердігер- лердің және тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін потенциалды  тәуекелдерді анықтау, жою,  бақылау немесе минимумға дейін азайту;

  • Энергия үнемдеуші және экологиялық таза тауарларды сондай-ақ энерготиімділік принциптерін ұстанатын жұмыстар мен қызметтерді   сатып алуды қолдау;

  • Сапаны бақылау, еңбекті қорғау, энерготиімділік және экологиялық аспектілер үшін дауларды анықтап және де компанияның тұрғылықты дамуын қамтамасыз ету үшін келешекке  мақсат  пен міндеттер  қою мәселелері жөнінде  мониторинг енгізуді көтеру;

  • Жоғары Басшылықтың ұйымдардың қызметіндегі еңбекті қорғау және  техникалық қауіпсіздік, сапаны басқару, қоршаған ортаны қорғау және энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу салаларын үнемі жетілдіруді бақылауы және анализдеуі;

  • Қоғам мен мүдделі тараптар үшін  Осы Саясатты  қолжетімді ету;

  • Осы Саясаттың талаптарымен барлық жұмысшыларды, мердігерлерді, басқа да мүдделі тараптарды құжатталған  таныстыру рәсімін өткізу.  

Осы Саясатқа сәйкес  барлық жұмысшылар мен мердігерлер  лауазымдық міндеттемелерін іске асыруға міндетті.

«АМӨЗ» ЖШС-нің жоғарғы басшылары осы Саясатты іске асыруға   өздеріне міндеттеме алады, сонымен қатар    еңбекті қорғау және  техникалық қауіпсіздік, сапаны басқару, қоршаған ортаны қорғау және энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу, сондай-ақ жүйелі түрде жарамдылығына анализ жасау, қажеттілік туғанда  осы Саясатты қайта қарауға міндеттенеді.