«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

1.jpgЖұмысшылардың жұмысқа деген икемденуге, олардың еңбек қызметіне үлкен серпімділікпен қатысуына толық демалыс жағдайларын, демалыс кездерінде балаларының денсаулықтарын нығайту және жұмысбастылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл мақсатпен өнеркәсіп жазғы және қысқы кезеңдерде Қазақстан Республикасы және ТМД бойынша сауықтыру лагерлерінде балалардың демалысын ұйымдастыру жұмыстарын атқаруда. Зауыт жолдама және жол жүру құнын толықтай қайтарады.


2.jpg2012 жылы 244 бала Көкшетау және РФ Анапа қ. Черноморск жағалауындағы демалу лагерлеріне барып қайтты. Бұл Ақмола облысы Зеренді с. «Сұңқар» сауықтыру орталығы, Ресей дің Анапа қаласындағы «Жыл бойы жұмыс жасайтын «Кавказ» балалар емдеу-сауықтыру лагері» ЖАҚ, Алматы қаласындағы «Тау күні» оқу-сауықтыру кешені сияқты демалыс орындары.

2012 жылдан бері жұмысшылардың балаларының қысқы демалыстары ұйымдастырылуда. Балалар Жаңа жыл мен қысқы демалыстарын Алматы қаласындағы «Самал» сауықтыру санаториясында демалып, мазмұнды мәдени бағдарламаларға қатысқаннан басқа түрлі емдеу-сауықтыру процедураларын пайдалана алды.