Ағын суларды биологиялық тазарту қондырғысы

Сарқынды суларды тазартудың биологиялық жүйесіне "Механикалық тазарту құрылыстарынан" сарқынды сулар және зауыттың КСС санитариялық (фекальды) ағындылары келіп түседі. Тәулігіне қуаты 15,48 мың. м3 «Биологиялық тазалау қондырғысы» (БТҚ) 2006 жылы пайдалануға берілді. Өнімділігі тәулігіне 15,48 мың м3" биологиялық тазарту құрылыстары " (БОС) 2006 жылы салынып, пайдалануға берілді.

Суды өңдеу жүйесі мынадай үдерістерден өтеді:

  • флокуляция және флотациялау үдерісі;
  • биологиялық тазалау үдерісі;
  • фильтрлеу және хлорлау;
  • қалдықты құрғату үдерісі.

Бірінші кезеңде флокуляциялау және флотациялау блогы (ФФБ) коагуляциялау-флокуляциялаудан үдерісінен өтеді. Ол арқылы қатты қалдықтар бөлшектері мен коллоид заттары шығарылады. Флотациялау үдерісі қатты және жұмсақ қалдықтар бөлшектері флотациялау блогында өткізіледі.

Флотациялау үдерісін жақсарту үшін қосымша биологиялық қалдық енгізіледі. Қондырғы ыдыстың астындағы ірі және қатты қалдықтар бөлшектерін алып тастау үшін түпкі қалдықтарды шығару жүйесімен жабдықталған. Флотациялау кезінде жоғарыдағы үстіңгі қабаттағы сарқынды сулар құрғату блогына ағызылады.

ФФБ-да тазаланған сарқынды сулар өздігінен ағызылып, биологиялық тазалау блогына кетеді. Биологиялық тазалау блогына басқа да арналардағы бөлек сарқынды сулар да түседі. Суды тазалау кезіндегі биологиялық үдерістер табиғи ортадағы жағдайлар секілді жасалады. Аэрациялық толыққанды органикалық көміртегі көмір қышқыл газы мен биомассаға айналады.

Биологиялық тазалау қондырғысына түсетін сарқынды сулар құрамында N және P аз. Оның мөлшері аз болғандықтан БПК:N:Р карбамид және фосфор қышқылы қосылады. Аэрациялық резервуардағы бактериялық тазалау флорасы «белсендірілген қалдық» деп аталады. Тазалауға арналған сарқынды сулар бактериялық флокулятпен кислород қосылып, (аэрация үдерісі) осыдан кейін су флокуляттан бөлінеді ( жарықтандыру үдерісі). Тазаланған судан артық қатты қалдық бөлшектерін шығару үшін құм фильтрі қолданылады. Колиформ бактерияларының санын азайту мақсатында суды хлорлау жүргізіледі. Сондықтан суға гипохлорит натрий қосылады.

Қалған қалдықты екі блоктың центрифугасы арқылы құрғатылады. Қатты және сұйық қалдық бөлшектерін ажырату үшін Т3 полимері қосылады.

Қалған құрғатылған қалдық бункерде сақталып, автокөлікпен зауыттың қалдықтар сақталатын полигонынан жөнелтіледі.

Биологиялық тазалау қондырғысынан өткізілген тазаланған ағын судың 20-23% көлемі өндіріске пайдалануға қайта жіберіледі. Қалғаны булануға ұшырайтын сарқынды сулар көлшігіне құйылады

Жалпы өсімдік шаруашылығы Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені Гидрогенизациялық процестер өндірісі Мұнайды терең өңдеу өндірісі Мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірістік нысаны ПКИС ППНГО Жылу және электр энергиясы өндірісі Зауыттың орталық зертханасы ГТЭС
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу