Биылғы байқаудың алдыңғыларға қарағанда айрықшалығы аз болмады. Еңбек ресурстары басқармасы ұйымдастырған шараның басты жаңалығы - байқаудың жүргізілу форматы. 194.5 жиілігіндегі “АМӨЗ» радиосының музыкалық ди-джейлері роліндегі Ринат Бекқайыров пен Өмірхан Жақсығалиевтың «тікелей эфир» форматындағы жүргізушілік шеберліктері көпшіліктің көңілінен шықты. Олардың әдемі әзілдері жұмыс күнінен кейінгі шаршаңқылықты тез сейілткендей болды. Ұйымдастырушылардың 194.5 жиілігін таңдалуы тегін емес, өйткені зауыт 1945 жылы пайдалануға берілген болатын.
Қос жүргізушінің құзырына берілген «Ән» жанры да аяқтала келіп, жүргізушілер тізгінін Дәурен Қадіров пен Мөлдір Шоханова өз қолдарына алды. Бұл - байқаудың екінші жаңалығы.
Тағы бір жаңалық – көрермендер назарына ұсынылған қысқаметражды бейнефильм және музыкалық номерлер кезінде сахнада орналасқан үлкен led-экран арқылы тақырыпқа сай, әдемі бейнесюжеттердің берілуі. Мұның өзі көрермендерді эстетикалық сезімге бөлейтіні рас.
***
Несмотря на то, что конкурс проводится каждый год, его очень ждут как участники, так и зрители. Организатор конкурса – управление трудовыми ресурсами не разочаровал никого. Конкурс получился интересный и запоминающийся.
Для участия в финальном туре конкурса в цехах прошли отборочные этапы, на большую сцену вышли самые лучшие заводские певцы, чтецы и танцоры.
Участники показывали свое мастерство в следующих жанрах: вокал, хореография, народная музыка, разговорный жанр.
Оценивало конкурсантов авторитетное жюри: советник главного инженера А. Н. Бикбаев, заместитель главного энергетика по теплоснабжению Г.К. Касанов, пенсионер ТОО «АНПЗ» К. К. Ишимова, председатель профкома ТОО «АНПЗ» К.М. Урымбасаров, начальник управления трудовыми ресурсами Г. М. Утегалиева, заведующая канцелярией А.Я. Мухлесова, преподаватель казахского языка А.А. Хасанова, председатель комитета по работе среди женщин С. С. Шапабаева, режиссер русского драматического театра П. Скляренко, заслуженный деятель культуры РК Г. Сундетова.
Әсем әнім сырнайдай...
Ән жанры бойынша 10 жеке орындаушы және 1 трио сынға түсті. Әсем әндерімен көңілдің ажарын ашып, көрермендердің қошеметіне бөленген әншілеріміздің қай-қайсысы да осал еместігін байқадық. Дей тұрғанмен, сайыстың аты – сайыс. Жүзден жүйрікті анықтау жауапкершілігі жүктелген қазылардың шешімі бойынша, бұл жанрдың жеңімпазы «Балшуақ» балабақшасының тәрбиешісі Мәншүк Шамғонова деп танылды. Мәншүк шырқаған «Рыбка» әнінің жұртшылық жүрегіне жол табуына әріптестері Бақтыгүл Тілеубаева мен Ләззат Маңғыстауованың әдемі билері де себеп болғандай. Ал жүлделі екінші орын №5 цех қызметкері, зауыттықтарға аты етене таныс әнші Алтынбек Ақпаевтың еншісіне тисе, үшінші орынды АКШ кешені қызметкері Мерей Әзмұханов иеленді.
Үміткерлер қатарында бұған дейінгі байқауларда да шеберліктерімен танылып үлгерген Нұрғали Оралбаев, Саламат Катишев, Аман Хасанов, Валентина Хохловалармен қатар, сахнаға енді ғана төселе бастаған Тілектес Төлешева, Ғалымжан Абошев, Мұса Жайлауов, Айкөркем Есенгелдина, Любовь Ларина, Ким Валерия сынды өнерпаздар да болды. Барлығы бірдей жеңіс тұғырынан көрінбегенімен, сахна төріне шығып, жүздеген көрермен алдында өнер көрсетудің өзі - үлкен жеңіс.
Наши любимые танцы!
Хореографический тур был самый массовый по количеству участников. Фантазия конкурсантов не имела предела. Красочные и оригинальные костюмы, любимые мелодии, зажигательные ритмы, аплодисменты публики создали атмосферу праздника.
Соревнования среди танцоров начали Руслан Акбердиев и Галым Баймуханов (цех №8). Они исполнили молодежный танец "Хип-хоп".
Первое место в жанре «Хореография» заняла Гулдаурен Есимова из цеха №4. Танец «Белый лебедь» понравился жюри и зрителям.
Солидную танцевальную группу выставил ППНГО: Оразбек Жуманалиев, Жанар Насен, Данияр Аубакиров, Айсулу Имангалиева, Рафат Кайранбаев, Маншук Утешева. Они исполняли попурри любимых танцев, и, несмотря на то, что произошла техническая накладка, ребята не растерялись, и отлично выступили. В танцах они заняли второе место.
Любовь Дворянчик и Бахтияр Бекмурзиев (ТЭЦ) исполнили джазовый танец. Костюмы, музыка, танцевальные движения – перенесли нас в Латинскую Америку! Горячо поддерживали своих коллег работники ТЭЦ. А строгое жюри наградило ребят третьим местом.
Еще один танец «Белый лебедь» представила Ляззат Адиловой из цеха №7. Интересная композиция и красивое платье понравились публике.
Сергей Червяченко из транспортного цеха уже полюбился заводской публике. В этот раз вместе с Бейбитом Жумабаевым он приготовил задорный и шуточный танец «Цыганочку с выходом». Сюрприз получился.
Изящные девушки из ЦЗЛ Айжан Садирова, Молдир Шоханова, Анастасия Насенкова, Айгерим Суенкулова исполнили танец под названием «Современное попурри». Их выступление понравилось и взрослой публике, и детям. Надо отметить, что девчата из ЦЗЛ активно участвовали во всех жанрах конкурса.
Халық өнері - өн бойы тұнған өнеге
Халық өнері – асыл қазына, тәрбие құралы. «Халықтық өнер» жанрында бақ сынаған үміткерлеріміздің өнерін тамашалау кезінде бұған тағы бір мәрте көз жеткіздік. Аталған жанрдың бірінші жүлдесін домбырасының қос шанағынан «Көроғлы» күйін күмбірлете төккен АКШ кешені қызметкері Нұрболат Исмағамбетов иеленді. Нұрболаттың өнерінің әуесқойлықтан гөрі кәсіби орындаушылыққа жақын екендігін қазылар алқасының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Гүлмайдан Сүндетова да мойындады.
Халық өнерін тәрбие құралына телуіміз тегін емес. МӨМӨТК өндірісінің қызметкері, аталған жанрдың екінші орын иегері Ғалым Хамзаев орындаған «Ойлан, балам» және зауыт құрылымынан шығарылса да, көркемөнерпаздар байқауына қатысуға мүмкіндік алған «Өрт сөндіруші» АҚ қызметкері, үшінші орын иегері Бұхарбай Бимағамбетов шырқаған «Ата-ана туралы толғау» термелерінің тыңдар құлаққа берер тәлімі зор болды. Бұл туындылар шараның тәрбиелік мән-маңызын арттыра түсті десек, артық айтпаспыз.
Сондай-ақ, Әміржан Таңатаров, Мұрат Қаюпов, Михаил Шильман, Әбілхайыр Әбленов, Бақытжан Ибінов, Нұрлан Борамбаев, Жасұлан Мырзағалиевтер де өз өнерлерімен жұртшылық алдында халықтық өнердің бай мұрасын насихаттады.
И расскажу я Вам . . .
Один из сложных жанров конкурса – это разговорный жанр, участники которого проявили мастерство владения словом и залом. Репертуар, с которым выступали участники, был разнообразен и интересен обширностью тем и способами их выражения.
На конкурсе было много произведений о родной земле. Так, Руслан Акбердиев из цеха №8 прочитал стихотворение «Туған жер» К. Аманжолова, Александр Сон (цех №7) - стихотворение «Өмір неден тұрады». Салима Елбаева (ТЭЦ) прочитала стихотворение «Туған жер» К. Аманжолова, а Айбек Жалгасбаев из цеха №5 прочитал стихотворение М. Мақатаева «Сүйемін өскен Отаным».
Запомнилось публике выступление ребят из КПА. Свою команду они назвали «Сборная КПА». Ринат Беккаиров, Шынболат Каналиев, Омирхан Жаксыгалиев, Эльдар Кереев разыграли игровые миниатюры КВН. «Сборная КПА» в «Разговорном жанре» заняла первое место.
Второе место получил Абат Абилхаиров из ППНГО. Он прочитал стихотворение М. Шаханова «Төрт анна».
Людмила Мирошниченко из транспортного цеха с большим чувством прочитала стихотворение «Честь имею». Она заняла третье место в «Разговорном жанре».
Шуточный рассказ известного сатирика Л. Измайлова в исполнении Анны Ермаковой из ИЦ «ЦЗЛ» «Свекрёща», понравился публике.
Работники из цеха № 4 разыграли сценку «Будни цеха №4» – фрагмент рабочего дня. Участники сценки: Гульдаурен Есимова, Омиргуль Мурзагалиева, Рустем Табылдиев, Саламат Катишев. Они показали «рабочий момент», как принимают заявки по телефону. А затем Рустем Табылдиев исполнил стихи собственного сочинения, посвященные заводу. Завершая свое выступление, ребята поздравили всех присутствующих с профессиональным праздником.
Кештің топжарғаны - зертхана бишілері
«Кештің топжарғаны» аталымын орталық зауыт зертхана қызметкерлері Садирова Айжан, Шоханова Мөлдір, Насенкова Анастасия, Суенкулова Айгерімнен құралған би тобы жеңіп алды. Заманауи попурри биін көрермендер назарына ұсынған қыздар жиналғандарды ерекше энергетика, ширақ қимыл, өздеріне деген сенімділіктерімен баурап, залды бір серпілтті.
«Лучший сценический костюм»
У всех участников были красивые концертные костюмы, ведь параллельно жюри оценивало не только мастерство певцов и танцоров, но выбирало победителя в номинации «Лучший сценический костюм».
Победительница в конкурсе в номинации «Лучший сценический костюм» - Валентина Хохлова.
«Күш-бірлікте»
«Күш-бірлікте» аталымына №4 цех қызметкерлері Гүлдәурен Есімова, Өміргүл Мұрзағалиева, Рүстем Табылдиев, Саламат Катишевтер сахналаған цехтың бір күндік тынысы бейнеленген көрініс лайықты деп танылды. Көріністе Рүстем Табылдиевтың авторлық өлеңдері оқылды.
Асқақ рух, ұранды сөздерімен өз мамандықтарына деген мақтаныш сезімдерін жеткізген олар байқауға зор дайындықпен келгендіктерін көрсетті.
«Креатив вечера»
Победители в номинации «Креатив вечера» - дуэт Сергей Червяченко и Бейбит Жумабаев.
Жанкүйерлер жарады
Сахна төрінде тұрған өнерпазға көрерменнің қолдауы, жанкүйердің ықыласы қажет-ақ. Бұл тұрғыда зауыттықтар аянып қалмады. Әсіресе, өнерпаздарын гүл шоқтарына көмкеріп, жалынды сөздерімен оларға жігер берген №4 цехтың жанкүйерлерін айрықша атап өтпекпіз. Аталған цехтың намысын «Би» жанрында қорғаған Гүлдәурен Есімованың ата-ана, бауырлары түгел жиылып, үміткерге қолдау көрсетті. Жанкүйерлердің қолдауы өнерпаздарға сенімділік береді. Бұған дәлел – Гүлдәуреннің жеңісі.
Өнерпаздарына жанкүйер болуды жылу-электр орталығының ұжымы да ұмытпапты. Өнерді бағалай білгенге не жетсін?!
Наши таланты
В заключительной части конкурса, чествуя победителей и участников, Абдулла Бикбаев отметил, что с каждым годом увеличивается количество участников конкурса. «Пусть на следующий год еще больше ребят примут участие в конкурсе художественной самодеятельности. Я знаю, наша молодежь талантлива»,- сказал А. Н. Бикбаев.
«Заводская молодежь имеет возможность проявить разные художественные таланты и организаторские способности на общезаводских мероприятиях», - отметила Гуляра Утегалиева. Инициатива, проявленная молодежью завода при подготовке конкурса, способствовала его успешному проведению. Конкурс показал, что заводчане умеют не только хорошо работать, но и петь и танцевать!
Біздің ұжым осындай!
Байқау мәресіне жетіп, жеңімпаздар арнайы кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылардың барлығына да ынталандыру сыйлықтары табысталды. Байқағанымыз – биыл үміткерлер санатындағы жастардың саны айтарлықтай артқан. Байқауды басты жеңісі - осы.
Сайыскерлердің өнерін тамашалай отырып, өндірісте де озат, өнерде де өзгелерден оқ бойы озық тұратын, спортта да алдына жан салмайтын зауыттықтар үшін қуанасың, мақтанасың, тәнті боласың. Біздің ұжым осындай!
Байқауға қатысушылар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Поздравляем всех участников и победителей конкурса художественной самодеятел
Назад к списку новостей