Сапардың негізгі мақсаты – энергетика және мұнай өңдеу салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау, сондай-ақ қазақстандық және индонезиялық компаниялар арасында серіктестік орнату мүмкіндіктерін қарастыру болды.
Кездесу барысында «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Қуаныш Бишімов елшіге зауыттың негізгі даму кезеңдері мен өндірістік жетістіктері туралы айтты. Рахман мырза өз кезегінде кәсіпорын ұжымын 80 жылдық мерейтоймен құттықтап, мұнай-газ секторының екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.
Сапар аясында делегация өндірістік нысандарды аралап, негізгі технологиялық процестер, қондырғылардың жұмыс ерекшеліктері және тиімділікті арттыруға бағытталған іс-шаралармен танысты. Жаңартылған мұражайда қонақтар Қазақстандағы алғашқы мұнай өңдеу зауытының құрылуы мен даму жолы туралы ақпарат алды.
Кездесу соңында тараптар одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендерін білдірді.
«АМӨЗ» ЖШС Баспасөз бөлімі
Назад к списку новостей