Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Компания туралы
Компания туралы
Компания басшылары
Тарих
Марапаттар
Экология және қауіпсіздік
Сапа, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат
Қоршаған ортаны қорғау
Энергия тиімділігі бағдарламасы
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
Парниктік газдардың атмосфераға шығарындылары
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Өндірістік экологиялық мониторинг
Компанияның жеке (өндірістік) қажеттіліктеріне су тұтыну және су бұру
Еңбекті қорғау
Өрт қауіпсіздігі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
TAZALYQ жобасы
Өнім
Өндіріс
Жалпы өсімдік шаруашылығы
Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені
Гидрогенизациялық процестер өндірісі
Мұнайды терең өңдеу өндірісі
Мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірістік нысаны
ПКИС
ППНГО
Жылу және электр энергиясы өндірісі
Зауыттың орталық зертханасы
ISO
Мақсаттары мен міндеттері
«АМӨЗ» ЖШС-нің саясаты
Сертификаттар
Әлеуметтік сала
Тұрғын үй құрылысы
Медицина орталық
Медициналық сақтандыру бағдарламасы
Балалар демалысы
Оқыту
Асханалар
Ардагерлерге қамқорлық
Тарих және еңбек даңқтары залы
Техникалық кітапхана
Мәдени-көпшілік шара
Әлеуметтік қолдау
Спорттық жұмыс
Активтер
Сатып алулар
Жылдық сатып алулар жоспары
Ұзақ мерзімді
сатып алулар жоспары
Нормативтік құжаттар
Қосымша ақпараттар
Мұрағат
Сатып алулар
Модернизациялау
«Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру
«Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені» жобасын іске асыру
Идеялар банкі
Блог
Жазбаша өтініштер
Негізгі қуатқа қол жеткізу
Мұнай өнімдерін өткізу жөніндегі негізгі қуатқа қол жеткізу
Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Негізгі
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
Атырау МӨЗ-де KMG Skills чемпионатының бірінші кезеңі өтті
Атырау МӨЗ-де KMG Skills чемпионатының бірінші кезеңі өтті
20.11.2025
136 просмотров
2025 жылдың 19 қарашасында Атырау мұнай өңдеу зауыты («АМӨЗ» ЖШС) базасында KMG Skills чемпионатының алғашқы кезеңі өтті. Қатысушылар «Химиялық талдаудың үздік лаборанты» және «Токарь» номинациялары бойынша практикалық сайыстарда кәсіби шеберліктерін паш етті.
Зертханалық тапсырманы орындауға «Ембімұнайгаз» АҚ, Caspi Bitum ЖШС, «Қазгермұнай» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС атынан келген 8 үміткер қатысты. Оларға Мемлекеттік стандарт (МЕМСТ) талаптарына сәйкес мұнайдың тығыздығын анықтау тапсырылды. Жұмысқа 45 минут уақыт берілді.
Тәуелсіз сарапшылар бағалау кезінде талдау дәлдігін ғана емес, техникалық қауіпсіздікті сақтау мен белгіленген регламенттен ауытқымауды, өлшеу көрсеткіштерін дұрыс оқуды, жабдықты қосу-өшіру реттілігін және зертханалық аспаптармен жұмыс істеудегі ұқыптылықты ескерді.
Қатысушылардың айтуынша, биылғы чемпионаттың форматы өзгерген. Екінші кезеңде өрт қауіпсіздігі мен алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары бағаланбақ. Конкурсанттар мұндай жаңашылдық бәсекелестікті күшейтіп, қызығушылықты арттыратынын атап өтті.
«Сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мұнда практикалық дағдыларға, маманның нақты мүмкіндіктеріне басымдық беріледі. Мен өзіме жүктелген тапсырманы 43 минутта орындадым. Әрине, бірінші болып кіріскендіктен сәл толқыныс болды.Бірақ өз нәтижеме ризамын»
, — деді
«Қазгермұнай»БК» ЖШС кәсіпорнының химиялық талдау лаборанты Айгерім Сейтова
.
«Токарь» номинациясы бойынша «Қазгермұнай» ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС, «Oil Services Company» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және «Ембімұнайгаз» АҚ атынан келген 7 қатысушы кәсіби шеберліктерін дәлелдеді. Оларға сайыс кезінде 60 минут уақыт берілді. Бұл бәсекеде де техника қауіпсіздігін сақтау басты талаптардың бірі болды. Сонымен қатар бағалау кезінде өлшем дәлдігі мен дайын бұйымның сызбаға сәйкестігі ерекше назарға алынды.
Тәуелсіз сарапшылар қатысушылардың дайындығын жоғары бағалады. Саланың тәжірибелі маманы, токарьлық іске 40 жылдан астам өмірін арнаған
Гурьев Латифтің
айтуынша, бұл мамандықта техникалық дәлдікпен қатар зейін мен іске деген сүйіспеншілік аса маңызды.
«Биыл конкурс кеңейтілген форматта өтуде. Бұл тәжірибе алмасу үшін өте маңызды. Мұнда өз компанияларының ең білікті мамандары жиналған. Үзіліс кезінде қатысушылар кәсіби сұрақтар қойып, біз де қуана-қуана тәжірибемізбен бөлісудеміз. Бүгін насосқа арналған деталь дайындалды. Бұл жұмыс үлкен дәлдік пен ұқыптылықты талап етеді. Қатысушылар жоғары деңгей көрсетті»
, — деді тәуелсіз сарапшы.
KMG Skills чемпионатының алғашқы кезеңі мұнай-газ саласындағы мамандардың жоғары кәсіби дайындығын, тәжірибесін және бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетті. Зертханашылар мен токарьлер өздерінің шеберлігін дәлелдеп, салада адам факторының, білім мен дәлдіктің, қауіпсіздік мәдениетінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте айқындады. Екінші кезеңде қатысушыларды одан да күрделі әрі өмірлік маңызы бар тапсырмалар күтіп тұр.
Поделиться в социальных сетях:
Назад к списку новостей
Жаңалықтар
Сурет галереясы
Бейне галереясы
Корпоративтік БАҚ
Барлығы
AMOZ Alemi газеті
Еңбек адамы
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу
Таратуға жазылу
Email
*
Жазылу
Закрыть
Жеке кабинетке кіру
Логин
Құпиясөз
Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?
немесе
тіркелу
Парольді қалпына келтіру
E-Mail:
*