АМӨЗ Бас директоры APEC те дәріс оқыды

30.11.2023
340 просмотров
АМӨЗ Бас директоры APEC те дәріс оқыды
«АМӨЗ тағылымдамашысы» бағдарламасы бойынша оқыту аясында APEC оқу орталығында «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Мұрат ДОСМҰРАТОВ қонақ дәрісін өткізді.
Басты тақырып – заманауи өндіріс пен АМӨЗ-дің тарихы және дамуы болды.
Дәріс еркін түрде жеңіл әрі қызықты өтті.
АМӨЗ басшысы Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары туралы айтып берді, АМӨЗ-дің тарихы мен жаңғырту кезеңдеріне, жаңғыртудан кейін шығарыла бастаған жоғары сапалы өнімдеріне, бензиндердегі октан санын арттыруға және отындағы күкірт мөлшерін азайтуға, атмосфераға SO2 шығарындыларын және пайдаланылған газдардан шығарындыларды азайтуға қалай қол жеткізгеніне егжей-тегжейлі тоқталды.
Сонымен қатар Мұрат Әбиұлы студенттерге энергия ауысымдардының тарихы туралы айтты: биомассадан бастап бу қозғалтқыштарының негізгі энергия көзіне айналған көмір, сондай-ақ мұнай және іштен жану қозғалтқышының энергия көзі болып табылатын отын туралы сөз етті.
Дәл осы ауысу бізге мұнай химияны берді, оның қазіргі экономикадағы рөлін асыра бағалау қиын. Осыған байланысты кәсіпорынның бас директоры хош иісті көмірсутектер шығаратын зауыттың бірегей қондырғыларына баса назар аударды.
Қатысушылар да белсенділік танытты. Болашақ оператордың зауытты одан әрі кеңейту мүмкіндігі туралы сұрағына М. Досмұратов:
– Зауыт Атырау қаласының аумағында орналасқандығын бәріңіз білесіздер, осы себепті өндірісті кеңейте алмаймыз, ешкім бізге қосымша қондырғылар салуға рұқсат бермейді. Алайда біз бір орында тұрмаймыз, өндірісті одан әрі жаңғырта аламыз және соны жүзеге асыруға, мысалы, АТ қондырғысын және сондай-ақ баяу кокстеу қондырғысын жаңғыртуға ниеттіміз. Зауытты дамытудың жоспары аясында көптеген жақсы өзгерістерді күтілуде, – деп жауап берді.
Одан кейін сұрақ-жауап айдары басталды, оның ішінде өндіріске ғана емес, сонымен қатар зауыттағы мансаптық өсу, әлеуметтік жағдайларға және басқа да мәселелерге қатысты қызығушылықтар орын алды. Қорытындылай келе, Мұрат Досмұратов осы іс-шарадан кейін тыңдаушыларда туындайтын сұрақтарға сүйене отырып, тағы да дәрістер өткізуге дайын екендігін білдірді. Тыңдаушылар мұндай уәдені қуана қабыл алды. Таңылымдамашылар ұзақ уақыт бойы дәріскер мен тәлімгерлері – Өтесін Уандыков, Юрий Милехин, Павел Сармин, Андрей Швайгерт, Евгений Бородин, Александр Жигалов сынды АМӨЗ ардагерлерін жібергісі келмей, сұрақтарын қоюды жалғастырды.
Бұл жас мамандарды даярлауға арналған «АМӨЗ тағылымдамашысы» жобасы аясында өткізілген қонақтардың алғашқы дәрісі болды. Болашақта студенттерге АМӨЗ жетекші мамандары оқитын бірнеше дәрістер жоспарланған.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу