Атырау мұнай өңдеу зауыты «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын қолдады

04.04.2026
209 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауыты «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын қолдады
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық тұжырымдамасы шеңберінде Атырау мұнай өңдеу зауыты маңында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті.
Аталған экологиялық бастамаға зауыттың шамамен 90 қызметкері белсенді қатысып, қоршаған ортаны тазарту жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Экологиялық іс-шара зауыттың сыртқы аумағындағы үш негізгі нүктеде ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жұмыстар Перетаска елді мекені маңындағы жылы су каналы жағасында, РТИ-ға қарсы су каналы бойында, сондай-ақ Атырау ЖЭО-ның су бұру каналы бойында, УГ157/9 мекемесі маңында жүргізілді. Сонымен қатар, зауыттың санитарлық аймағында сенбілік өткізіліп, кәсіпорын аумағында «Таза бейсенбі» акциясы қатар ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстары барысында 175 қап тұрмыстық және басқа да қалдықтар жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – бұлақ көздерін тазалау, жағалау аймақтарын тұрмыстық қалдықтардан арылту, сондай-ақ қызметкерлер арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық сананы арттыру болды.

Атырау мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық жауапкершілікті арттыру бағытындағы бастамаларды тұрақты түрде қолдап келеді. Кәсіпорын ұжымы экологиялық мәдениет нақты әрекеттер арқылы қалыптасатынына сенімді. Сондықтан зауыт алдағы уақытта да табиғатты қорғауға және өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған акцияларға белсенді қатыса береді.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу