Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы қуатына шықты

07.11.2023
391 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы қуатына шықты
Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) жоспарлы алдын ала тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін жоспарлы қуатында жұмыс істеп тұр.

Қазіргі кезде кәсіпорын ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес сұйытылған мұнай газы, автобензиндер және дизель отынын өндіріп, жөнелтуде.

Еске сала кетсек, 29 қазан күні каталитикалық крекинг қондырғысы белгіленген мерзімнен бұрын тұрақты жұмыс режиміне шығарылған болатын. Одан бір апта бұрын технологиялық қондырғылардың бірінші кезеңі сәтті іске қосылды.

Жоспарлы алдын ала тексеру жұмыстарын жүргізу – жабдықтардың тұрақты жұмыс жағдайын сақтап, өндірістің тиімділігін арттыруға арналған жыл сайын іске асырылатын шара. Биылғы жұмыстар аясында 2 753 бірлік бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарын тексеру, 723 бірлік электр қозғалтқыштарына техникалық қызмет көрсету, тексеру және сынау, 62 бірлік қосалқы станция жабдығын тексеру және сынау, жоғары қысыммен жұмыс істейтін 803 бірлік түтікшені, сондай-ақ 1 539 бірлік технологиялық құбырды техникалық және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан өткізу шаралары жүзеге асырылды.

Жоспарлы алдын ала тексеру жұмыстары Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүргізілді.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу