АМӨЗ 10 мың түп ағаш отырғызады

07.11.2023
389 просмотров
АМӨЗ 10 мың түп ағаш отырғызады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған 5 жыл ішінде орман қорында 2 миллиард және елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Атырау қаласын көгалдандыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, Атырау мұнай өңдеу зауыты Талғайран ауылының маңында орналасқан Соколок каналының бойына үш жыл ішінде 10 мың түп ағаш отырғызады.

Меморандумның мақсаты – өңірдегі экологиялық жағдайды қалпына келтіру және қоршаған ортаның сапасын жақсарту. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман қорынан 20 гектар жер бөлді.

Қазіргі кезде ағаш отырғызу кестесі келісіліп, су құбыры және су бұру желілеріне  қосылуға техникалық шарттар рәсімделді. Электр желілеріне қосылудың техникалық шарттарын алу процесі, сондай-ақ абаттандыру және көгалдандыру жобасын әзірлеу жалғасуда. Жұмыстар аяқталғаннан кейін нысан Атырау қаласы әкімдігі анықтаған мекеменің балансына тапсырылады.

Сонымен қатар, АМӨЗ Атырау қаласы әкімдігіне биіктігі 3,5-4 м құрайтын, жабық тамыр жүйесі бар, жетілген 200 түп күлтелі ағаш тапсырды. Ағаштар ретро-саябақ аумағында отырғызылады.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу