«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Атырау МӨЗ» ЖШС–мен бірлесіп, Атырау МӨЗ сыртқы электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін қуаты 154 МВт «ГТЭС құрылысы» жобасын (бұдан әрі - АМӨЗ ГТЭС жобасы) іске асыру шеңберінде әлеуетті инвесторлар және мүдделі компаниялар үшін 2023 жылғы 17-18 тамызда Атырау қаласында «АМӨЗ ГТЭС жобасы бойынша ашық есік күнін» өткізу туралы хабарлайды.
Аталған іс-шара барысында барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жоба бойынша өзекті мәселелерді талқылау, құрылыс үшін әлеуетті алаңға шығу және қарау, бағыттар бойынша мамандармен және сарапшылармен сұрақтар мен жауаптар сессиясы жоспарлануда.
Іс-шараға қатысу үшін 13.08.2023 ж. дейінгі мерзімде Т.А.Ә., ұйымның атауы, лауазымы көрсетілген өтінімді n.nurgaliyev@anpz.kz (Нұрғалиев Нұрғали, моб.: +7 777 498 9999), n.galymzhanov@kmg.kz (Ғалымжанов Нұрсұлтан, моб.: +7 701 773 7083) электрондық мекенжайларға жолдау қажет.
Қосымша: Атырау қаласындағы «АМӨЗ ГТЭС жобасы бойынша ашық есік күні» бағдарламасы.
Назад к списку новостей