Зауыт қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

23.09.2022
144 просмотров
Зауыт қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты
23 қырқүйекте жыл сайынғы «Дүниежүзілік тазалық күні» экологиялық акциясы аясында Атырау қаласының аумағын санитарлық тазалауға және абаттандыруға АМӨЗ-дің және мердігер ұйымдардың 300-ге жуық қызметкері ат салысты.

Акцияға қатысушылар Қабдолов даңғылы – Перетаска көшесінен Әуезов даңғылы мен Атамбаев көшесіне дейінгі аумақты ретке келтірді.
Сенбілікке қатысушылар  қала тұрғындарын қаланы ластамауға ынталандыру тиіс деп есептейді. Олар қала тұрғындарын ортақ шаңырағымызды бүлдірмеуге, сондай-ақ балаларды Атырауға деген  сүйіспеншілікпен тәрбиелеуге шақырды.
– Зауыт қызметкерлері 38 текше метр қоқыс шығарды. Сондай-ақ олар жерді әйнектерден, арамшөптерден тазалап, жердегі құрғақ бұтақтарды реттеп, қағаз, пластикаларды жинастырды. Қалалық және республикалық экологиялық науқандарға қатысу біз үшін дәстүрге айналды. Біздің кәсіпорынның қызметкерлері қаланы тазарту туралы үндеуге әрдайым қуана жауап береді, – деді «АМӨЗ»  ЖШС әкімшілік бөлімінің басшысы  ГАЛИМА ГИЗАТУЛЛИНА.
Бұл акция Атырау қаласының әкімдігінің қаланы санитарлық тазалауға жарияланған екі айлық қаулысы аясында өтті.
Мұндай іс-шаралар Атырау қаласының экологиясы үшін маңызды, сондықтан зауыттықтар сенбілікке қатысудың маңыздылығын жақсы түсінеді.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу