Бастаманың негізгі мақсаты – қызметкерлерде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және еңбекті қорғау қағидаттарын күнделікті жұмыс процесінің ажырамас бөлігіне айналдыру.
Жоба аясында зауытта еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау бойынша тоқсан сайын өткізілетін байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарынан 100-ден астам қызметкер іріктеліп алынды. Олар сегіз командаға бөлініп, әрқайсысы кәсіпорында қауіпсіздік мәдениеті деңгейін дамыту бойынша практикалық іс-шараларды жүзеге асырады.
АМӨЗ-дің қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі өндірістегі өзекті тәуекелдерді ескере отырып, арнайы оқу-әдістемелік материалдар әзірледі. Онда негізгі талаптар мен ережелер қарапайым әрі түсінікті форматта ұсынылған.
Командаларға қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлер тәлімгерлік етеді. Жоба қатысушыларының алдында өндірістік тәуекелдерді анықтау және бағалау, қауіпті факторларды айқындау, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар жинау, сондай-ақ қызметкерлер мен басшылық арасындағы тиімді коммуникацияны жолға қою міндеттері тұр.
«АМӨЗ» ЖШС Баспасөз қызметі
Назад к списку новостей