Атырау мұнай өңдеу зауыты 2025 жылдың I жартыжылдығында 2,88 млн тоннадан астам мұнай өңдеді

21.07.2025
653 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауыты 2025 жылдың I жартыжылдығында 2,88 млн тоннадан астам мұнай өңдеді
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ -ның еншілес кәсіпорны) тұрақты жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады.
Алты ай ішінде зауыт 2,88 млн тоннадан астам шикі мұнай өңдеп, тауарлық өнім шығару көлемі 2,58 млн тоннаға жуықтады. Атап айтқанда, 746 мың тоннаға жуық АИ-92 автобензині, 169 мың тоннадан астам АИ-95 автобензині, 997,3 мың тоннаға жуық дизель отыны, 124,5 мың тонна шамасында сұйытылған газ, 95,3 мың тоннадан астам авиаотын, 27,5 мың тоннаға жуық бензол және 60,3 мың тоннадан аса параксилол өндірілді.

Есепті кезең аралығында мұнай өңдеу тереңдігі 89%-ға жетіп, өңделген шикізаттың жалпы көлеміндегі жеңіл мұнай өнімдерінің үлесі 77,3%-ды құрады. Өндіріс тиімділігін арттыру нәтижесінде зауыт технологиялық отынды тұтыну деңгейі мен мұнай өнімдерінің шығынын 11,05%-ға дейін төмендетті. Ішкі нарыққа 2,53 млн тоннадан астам мұнай өнімі жөнелтілді. 

Еске салайық, Атырау МӨЗ тауарлық өнімнің 20-дан астам түрін шығарып, Қазақстанның мұнай өнімдеріне деген сұранысының үштен бірін қамтамасыз етеді. Өнім шығару және жөнелту жұмыстары қатаң түрде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. 
 

«АМӨЗ» ЖШС Баспасөз қызметі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу