Келелі істердің стратегиясы мен тактикасы

23.12.2015
1178 просмотров

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа Жолдауын бұқара жергілікті жерлерде қызу талқылауда. Арнайы ақпаратты-насихаттық топтары құрылып, оның құрамына белглі қоғам қайраткерлері, Мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері енгізілген. Ақпаратты –насихаттық тобы бүгінде еңбек ұжымдары, елді мекен тұрғындарымен кездесіп, Жолдаудың басты қағидаттарын түсіндіруде.   

Құрамында «Нұр Отан» партиясы республикалық саяси Кеңесінің мүшесі, Атырау қалалық Мәслихатының депутаты Бақытгүл Хаменова мен «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы саяси Кеңесінің мүшесі Мақсот Ислат бастаған ақпаратты –насихаттық тобы Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымымен кездесті.  Кездесуді ашқан кәсіпорындағы бастауыш партия ұйымының төрағасы Кенжебек Шахметов, Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы тек ғана Қазақстан емес,  шетелдерде де үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Өркениетті мемлекеттердің сарапшылары Жолдауға елдің болашақтағы дамуында нақты нәтижелерге жеткізетін старетегиясы мен тактикасы деген баға берді.   Елбасы Жолдауының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атауы айқындап тұрғандай ол әлемдік дағдарыстан елдің қалай дамуын көрсететін бірден бір құжат. Дүние жүзі қаржылық дағдарысқа тап болғанда ол біздің елді де айналып өтпесі белгілі жайт. Президенттің сарабдал саясаты арқасында дағдарысқа қарсы бағдарлама жасалып, ел үкіметі алға қарай даму сатысына көшті. Оның жүзеге асуына біздің әрқайсымыз да өз үлесімізді қосып, ұлы істің айналасына топтасуымыз қажет, –деп шақырды зауыттың партия көшбасшысы.  Жолдау «Ғасыр жобасы» деп атап өтті өз сөзінде «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы саяси Кеңесінің мүшесі Мақсот Ислат. Оны былай түсінуге болады: экономикалық қиындықты болжаған кез келген мемлекеттің дағдарыстан шығатын нақты жоспары болады. Елбасы  Жолдауында қиындықтан алып шығар барлық іс-әрекет айқын көрсетілген. Бұл тұжырымды қалалық мәслихат депутаты Бақытгүл Хаменова ары қарай жалғады.  Депутат Атырау мұнай өңдеу зауытын аймақтағы тек өндіріс жөнінен ірі кәсіпорын ғана емес, әлеуметтік-қоғамдық сипатының да маңызы жоғары екенін атап өтті.  Себебі, жұмысшылардың әлеуметтік құқығы қорғалған, бастысы- көпұлтты ұжымының ауызбіршілігі мығым. Осындай өзара түсіністік пен бірлік Ұлт көшбасшысы алдымызға қойып отырған мақсаттарға кедергісіз жетуге үлкен жол ашпақ. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеуінде нық айтты. «Нұр Отан» партиясы республикалық саяси Кеңесінің мүшесі өзі басқарып отырған Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжін мысалға ала отырып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тақырыбын да тоқталып өтті.   

-  Біздің колледж бүгінде аймақтағы жекеменшік оқу орындары арасында көш бастап тұр. 11 жыл бұрын колледж ашылғанда бар болғаны 20 оқушыны қабылдадық. Ал, қазір оқу орны қабырғасында 200 –ден аса студент білім алады,-деп атап өтті Бақытгүл Хаменова. – Ол кезде бәрі де біздің оқу орнының болашағына сенген жоқ. Тек алға қарай берік ұстаным мен ерен еңбек, өз күшімізге сену бізді осындай биіктерге шығарды. Бұл тұрғыда әрине, мемлекеттің дұрыс саясатының да ықпалы бар. Көбіңіз білесіздер, жағдайымыз бұдан да төмен болған еді. Жалақамыз бен жәрдемақымыз уақытылы төленбей жатты, үйде жарық жоқ, жылу мен ауыз су туралы айту ол кезде артық еді. Енді міне, сатылап даму арқасында біздің әлеуметтік жағдайымыз артты. Осының бәрі де Тәуелсіздігіміздің арқасы. Ертеңімізге сенбей барлығын тәрк етіп, араға іріткі салудың қажеті жоқ. Біз тек бірлік, татулық және ауызбіршілікпен ғана қиындықты бағындыра аламыз, алға жылжимыз. Бұл тұрғыда Сіздер қалғандарға үлгісіздер. Жуырда ғана зауыттың «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымы республикалық байқауда жүлделі екінші орынды иеленді. Осындай биік дәрежеге ұжымның бірлігінің арқасында қол жеткізгендеріңізге сенімдімін!

       Жолдауды талқылау жиылысын Кенжебек Шахметов қорытындылап, Елбасы Жолдауының жүзеге асуында зауыттың әрбір қызметкері өз үлесін қосарына сенім білдірді.   

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу