«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
02.11.2020
60 просмотров

Ағымдағы жылдың 02 қарашасында "АМӨЗ" ЖШС биологиялық тазарту құрылыстарындағы (бұдан әрі-БТҚ) жағдай туралы қоғам белсенділері мен БАҚ-қа арналған онлайн-конференция өтті.

АМӨЗ экология бөлімінің мамандары хабарлағандай, ағымдағы жылдың 01 қарашасында сағат 16.00-де электр энергиясын беру жұмыстарының ақауы себебінен ағынды суларды биологиялық тазарту блогының тұндырғышының шламын рециркуляциялау сорғысы тоқтатылды. Осыған байланысты тұндырғыштың құм сүзгісіне шығу нүктесінде қалқыма және органикалық заттар (биошлам) концентрациясының артуы орын алды.

Осы уақытта құм сүзгі блогында жөндеу жұмыстары жүргізілді және бұл блок технологиялық сұлбасынан уақытша ажыратылды. Осының салдарынан зауыттың БТҚ-дан өлшенген және органикалық заттары бар сарқынды су нормативтік-тазартылған сарқынды сулар арнасына ағызылды.

2020 жылдың 01 қараша сағат 23.00-де биологиялық тазарту құрылыстарының жұмыс тәртібі қалпына келтірілді. Сонымен қатар, нормативті тазартылған ағынды сулардың арнасында биошламның булану өрістеріне одан әрі енуіне жол бермейтін тосқауылдар орнатылған. Биошламды каналдан вакуумдық машиналармен сорылып, зауытқа кері қайтарылады.

Қазіргі уақытта АМӨЗ-де электр энергиясын жеткізу кезінде орын алған ақаудың себептері мен мән-жайларын тексеру жөніндегі комиссия құрылып, комиссия жұмысының нәтижелері бойынша онлайн-конференция өткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу