«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
28.10.2020
53 просмотров
 Ағымдағы жылдың 23 қазанынан бастап "АМӨЗ" ЖШС жанында орналасқан LED-экранда сынақ режимінде зауыттың санитарлық-қорғау аймағы шекарасының бақыланатын төрт нүктесінен түсетін атмосфералық ауаның жай-күйі туралы деректер сағат сайын жариялануда. Бұл аймақта тәулік бойы бақылау автоматты станциялармен жүргізіледі, олар атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың құрамы күкіртсутегі, көміртегі оксиді, азот оксиді, күкіртті ангидрид және көмірсутектердің көрсеткіштері бойынша бақыланады.
Сондай-ақ станцияларда желдің бағыты мен жылдамдығы, ауа температурасы, атмосфералық қысым және салыстырмалы ылғалдылық сынды метеорологиялық сипаттамалар анықталуда.
    Автоматты станциялардың деректері Wincollect ақпаратын жинау мен өңдеудің автоматты бағдарламасымен Сағат сайынғы есептерді генерациялау және оларды кейіннен деректерді AirKZ қосымшасына интеграциялау арқылы "Қазгидромет" РМК-ның FTP-серверіне жіберу арқылы "Қазгидромет" РМК-ға беріледі.
    Атмосфералық ауаның экологиялық көрсеткіштері туралы ақпаратты қолжетімді ете отырып, Атырау МӨЗ өзінің ашықтығы мен қала тұрғындары алдындағы жауапкершілігін көрсетеді.




«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу