«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
27.08.2020
111 просмотров
Өндірістік, экологиялық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жолында

«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ басқарма басшысы Ахметжан Есімов жұмыс сапарымен Атырау мұнай өңдеу зауытында болды. Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы зауыттың өндірістік қызметімен, жоспарлы жөндеу нәтижелерімен, Tazalyq жобасының және кәсіпорынның басқа да қосалқы бизнес-жобаларының іске асырылу барысымен танысты. Сонымен қатар онлайн-режимде зауыттың жас мамандарына жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті.

"Самұрық-Қазына" АҚ делегацияларына Атырау қаласының сол жағалауындағы булану алқаптарын жоюға және Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық жүктемесін азайтуға арналған Tazalyq жобасын іске асырудың аралық нәтижелері көрсетілді.

Сонымен бірге қор басшысы аяқталып қалған жоспарлы жөндеу жұмыстарымен танысты. Еске сала кетейік, аталмыш жөндеу жұмыстары 2020 жылдың 1 шілдесінде АМӨЗ дің 15 технологиялық қондырғыларында басталған болатын. Карантиндік шараларды қолдану және көлік жүктемесін азайту кезеңінде жөндеу жұмыстарын жүргізу АМӨЗ өнімдерін тұтынушылар үшін іс жүзінде шығынсыз жүргізуге мүмкіндік береді.

Сапар барысында АМӨЗ 2019 жылғы қаңтардан бастап "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бастамасымен RLG International компаниясымен бірлесіп іске асырылған "мінсіз өндіріс" жобасына ерекше назар аударылды. Жоба үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес мұнай өнімдерін өндірудің операциялық тиімділігін арттыруға бағытталған.

«RLG International әдістемесі өндірістік жоспарлауды жетілдіруде ғана емес, сонымен қатар цифрлық формацияға сәйкес келетін жаңа үлгідегі қызметкерлердің қалыптасуына ықпал етеді", - деп атап өтті АМӨЗ бас директоры Шухрат Данбай.

Бұдан әрі А.Есімовтың назарына "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ-мен бекітілген Bilim персоналын іріктеу, оқыту, даярлау және дамыту жөніндегі жоба ұсынылды. Жоба зауытта персоналды басқарудың барлық саласын қамтиды – электронды рекрутингтен бастап жұмыс істейтін персоналды үздіксіз оқытуға дейін.

Сапар барысында Ахметжан Есимов онлайн режимде зауыттың болашағынан үміт күттіретін 8 қызметкерге жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті. Тұрғын үй бағдарламасы аясында кәсіпорынның бас аяғы 100 қызметкері «комфорт плюс» классына жататын VictoryPark тұрғын үй кешенінің тұрғындары атанатын болады. 

 

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу