«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

АМӨЗ жаңғырту Жобасы, Атырау облысы, Қазақстан Республикасы

Құжат туралы ақпарат
Тақырыбы АМӨЗ жаңғырту Жобасы, Атырау облысы, Қазақстан Республикасы
Тақырыпша Техникалық емес түйіндеме
Күні 03 маусым 2021 жыл
Редакциясы 1.0
Клиент ЕҚДБ

1. КІРІСПЕ

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес ұйымы болып табылады және шикі мұнайды өңдеу бойынша Жобалық қуаты жылына 5,5 млн тонна болатын Қазақстан Республикасындағы ірі мұнай өңдеу кәсіпорны. АМӨЗ мұнай өнімдерінің 35 түрін шығарады. АМӨЗ 1945 жылы салынып, пайдалануға берілді. АМӨЗ өңдеу шикізаты Қазақстан Республикасының (ҚР) батыс өңірлерінде орналасқан Маңғыстау кен орындарының жоғары парафинді мұнайы болып табылады. Бастапқы мұнай өңдеу қуаты жылына 800 мың тоннаны құрды.

1969-1971 жж. - жаңғыртудың бірінші кезеңі.
1969 жылдың тамызында мұнайды атмосфералық өңдеу және ЭЛТҚ-АВТ-3 мазутты вакуумдық айдау технологиялық қондырғысы іске қосылды. 1971 жылы желтоқсанда дебутанизацияланған бензиннің, құрамында сутегі бар газдың және құрғақ газдың жоғары октанды компонентін алуға арналған ЛГ-35-11/300-95 каталитикалық риформинг қондырғысы пайдалануға берілді. Шикізат бойынша қондырғының өнімділігі - жылына 300 мың тонна.

1980-1989 жж. - жаңғыртудың екінші кезеңі.
1980 жылы зауытта Қазақстанда алғашқы баяу кокстеу қондырғысы (БКҚ) салынды. Шикізат бойынша Жобалық жылдық өнімділік 600 мың тоннаны құрады. Баяу кокстеу қондырғысы жылына 120 мың тонна кокс, оның ішінде жылына 54 мың тонна электродты кокс өндіруді қамтамасыз етті.
1989 жылы алюминий өнеркәсібі үшін шикізат болып табылатын қыздырылған кокс өндіру үшін мұнай коксын қыздыру қондырғысы (МКҚҚ) іске қосылды. МКҚҚ-ның бастапқы Жобалық өнімділігі жылына 140 мың тонна шикі коксты құрады.
1992 жылы Атырау МӨЗ алғаш рет құрамында ақшыл фракциялары едәуір көп жаңа типті мұнай - Теңіз мұнайын сынамалы өңдеуді жүзеге асырды.

2002-2006 жж. - жаңғыртудың үшінші кезеңі
«Атырау МӨЗ-ін қайта құру» Жобасын «КазНИПИЭнергопром» ЖАҚ (Алматы қ.), «ҚазМұнайГаз» ҒЗЖИ ААҚ, «Caspian Engineering & Research» ҒЗЖИ Қазақстан мұнай және газ институты (Ақтау қ.), «РНИЦБХП» ЕМК Шымкент орталығы (Шымкент қ.), Энергия институты (Алматы қ.) қазақстандық Жобалау институттарын тарта отырып, «Marubeni Корпорэйшн» (Жапония) компаниясы мен «JGC Корпорэйшн» (Жапония) фирмасы әзірледі.

2012-2016 жж. - жаңғыртудың төртінші кезеңі Хош иісті көмірсутектер өндіру кешенінің және Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы.
Кәсіпорын өзіне тиесілі ағынды суларды тазарту құрылыстарын жаңғыртуды және жұмыс істеп тұрған жеткізу арнасының учаскелері мен булану алқаптарын қалпына келтіруді («Тазалық» Жобасы) жүзеге асыруға ниетті. Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) осы Жобаны іске асыру үшін АМӨЗ қаржыландыруды бөлу мүмкіндігін қарастыруда. Осыған байланысты, Жоба ЕҚДБ-ның 2014 жылғы Экологиялық және әлеуметтік саясатына, оның ішінде Жобаларды іске асыруға қойылатын экологиялық және әлеуметтік талаптарына (ЕҚДБ ТР) сәйкес келуі тиіс.

Техникалық емес түйіндемені жүктеу