Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары

АМӨЗ жаңғырту Жобасы, Атырау облысы, Қазақстан Республикасы

Құжат туралы ақпарат
Тақырыбы АМӨЗ жаңғырту Жобасы, Атырау облысы, Қазақстан Республикасы
Тақырыпша Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары
Күні 03 маусым 2021 жыл
Редакциясы 1.0
Клиент ЕҚДБ
Редакциясы 1.0
Жобаға жауапты тұлғаның байланыс деректері Аты-жөні Сағызбаев Қанат Жексенғалиұлы
Лауазымы Құрылысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы
Стационарлық телефоны +77122259253
Эл. поштасы k.sagizbaev@anpz.kz

1. КІРІСПЕ

Осы құжат Қазақстан Республикасының Атырау облысындағы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС («АМӨЗ» немесе «Компания») су тазарту құрылыстарын жаңғырту, қолданыстағы ашық ағынды суларды жеткізуші арнаны және булану алқаптарын қалпына келтіру Жобасы («Жоба») бойынша мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарын («МТӨІЖ» немесе «Жоспар») ұсынады.

ЕҚДБ-ның 2014 жылғы Экологиялық және әлеуметтік саясатына сәйкес, Жобаға В санаты берілді.

МТӨІЖ «нақты» құжат болып табылады және мүдделі тараптармен одан әрі өзара іс-қимылдың қажеттілігі мен ерекшелігін көрсете отырып, Жобаның дамуына қарай жаңартылатын болады.

Жоспарда жұртшылық, әсіресе жергілікті халық және басқа да мүдделі тараптар Жоба туралы ақпарат ала алатын және Жобаны іске асыруға өз өтініштері мен түсініктемелерін бере алатын механизмдерді сипаттайды.

Халықаралық стандарттарға сәйкес, МТӨІЖ өз алдына келесі негізгі міндеттерді қояды:

  • Тікелей халықты және басқа да мүдделі тараптарды, сондай-ақ қалың жұртшылық өкілдерін Жоба бойынша қолжетімді құжаттама және оны алу тәсілдері туралы хабардар ету;
  • қатысты тұлғалар және басқа да мүдделі тараптар (мысалы, азаматтардың осал санаттары) Жобаға қатысты өз ескертулерін қалай бере алатынын немесе сұрақтар қоя алатынын сипаттау.

2. ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес Компаниясы болып табылады және шикі мұнай бойынша қуаты 5,5 млн тонна болатын Қазақстан Республикасындағы ірі мұнай өңдеу кәсіпорны.

Жоба Қазақстан Республикасы Атырау облысы Атырау қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі өнеркәсіптік аймақ аумағында орналасқан. Жобаның ел көлемінде орналасқан жері көрсетілген Карта төмендегі суретте көрсетілген (1-сурет).

Кәсіпорын аумағы мынадай учаскелерді қамтиды:

  • Ауданы 235,8 га болатын негізгі алаң;
  • Негізгі алаңнан оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа қарай 300-500 м жерде орналасқан екі алау қондырғысы;
  • Негізгі алаңнан солтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде орналасқан, ауданы 12,25 га қалдықтар полигоны;
  • Жайық өзенінің жағасында, негізгі алаңнан солтүстік-батысқа қарай 2,2 км жерде орналасқан алаңы 0,4 га сужинағыш кешен;
  • Негізгі алаңнан солтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан алаңы 860 га булану алқаптары.

Скачать план взаимодействия с заинтересованными сторонами

E ҚОСЫМШАСЫ. ШАҒЫМДАР МЕН ӨТІНІШТЕРДІ БЕРУ НЫСАНЫ

С ҚОСЫМШАСЫ. СЫРТҚЫ МҮДДЕЛІ ТАРАПТАР ҮШІН ШҚМ БРОШЮРАСЫ