«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры Ғалымжан Жусанбаев пен «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев үкімет басшысына кәсіпорынның 2024 жылдың 7 айындағы өндірістік көрсеткіштер, активтерді қайтару жөніндегі жұмыс туралы, Tazalyq экологиялық жобасының іске асу барысы, жоспарлы алдын ала тексеру жұмыстарына дайындық, 3 жылдық жөндеуаралық кезеңге көшу жоспары мен өндірісті дамытуға бағытталған басқа да жобалар туралы баяндады.
Ғалымжан Жусанбаевтың айтуынша, 2027 жылдың соңына дейін АМӨЗ жұмысының тиімділігін арттырып, өндірісті дамытуға бағытталған 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Солардың ең маңыздысы – 3 жылдық жөндеуаралық кезеңге көшу жобасы. Жобаны іске асыру нәтижесінде зауыттың үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіліп, мұнай өңдеу көлемі 5,5 млн тоннадан 6,7 млн тоннаға дейін, ал ашық түсті мұнай өнімдерін шығару көрсеткіші 65%-дан 77% дейін артпақ. Сонымен қатар зауыттың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылдың соңына дейін қуаты 154 МВт болатын газтурбиналық электр стансасын (ГТЭС) іске қосу жоспарланған. Қазіргі кезде серіктестік келісімдер жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Әрі қарай Олжас Бектенов хош иісті көмірсутектерді өндіру кешеніне барып, мұнай-химия өнімдерін шығаратын Paramax қондырғысының жұмысымен танысты.
Назад к списку новостей