Жыл соңына дейін АМӨЗ бюджетке 154,7 млрд теңге төлейді

15.12.2023
322 просмотров
Жыл соңына дейін АМӨЗ бюджетке 154,7 млрд теңге төлейді
Атырау мұнай өңдеу зауыты аймақтағы ең ірі салық төлеушілердің бірі болып қалады. Биыл қаңтар-қараша айлары аралығында кәсіпорын 142 млрд теңгеден артық салық төлесе, оның 22,2 млрд теңгесі мемлекет қазынасына, ал 120 млрд теңдеген астамы қалалық бюджетке төленді.

2022 жылы АМӨЗ-ден түскен салық төлемдері Атырау қаласы бюджетіндегі жалпы шығыстың 33%-ын құрады. Жыл соңына дейін кәсіпорын жалпы көлемі 154,7 млрд теңге салық төлеуді жоспарлап отыр, бұл былтырғы көрсеткіштен 1,5 есе артық.

Салық төлемдерінің жыл сайын өсуі, ең алдымен, зауытта жүргізілген үш кезеңді жаңғыртудың экономикалық тиімділігімен байланысты. Жаңғырту жұмыстары нәтижесінде дизель отыны, бензин, керосин және параксилол секілді қосылған құны жоғары ашық түсті мұнай өнімдерін шығару көлемі артты. Сондай-ақ салық төлемдерінің өсуіне бензин мен дизель отынына акциз ставкаларының көтерілуі де әсер етті.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу