2022 жылы АМӨЗ-ден түскен салық төлемдері Атырау қаласы бюджетіндегі жалпы шығыстың 33%-ын құрады. Жыл соңына дейін кәсіпорын жалпы көлемі 154,7 млрд теңге салық төлеуді жоспарлап отыр, бұл былтырғы көрсеткіштен 1,5 есе артық.
Салық төлемдерінің жыл сайын өсуі, ең алдымен, зауытта жүргізілген үш кезеңді жаңғыртудың экономикалық тиімділігімен байланысты. Жаңғырту жұмыстары нәтижесінде дизель отыны, бензин, керосин және параксилол секілді қосылған құны жоғары ашық түсті мұнай өнімдерін шығару көлемі артты. Сондай-ақ салық төлемдерінің өсуіне бензин мен дизель отынына акциз ставкаларының көтерілуі де әсер етті.
Назад к списку новостей