АМӨЗ-де Amanat партиясының жаңа тұғырнамасы талқыланды

30.09.2022
601 просмотров
АМӨЗ-де Amanat партиясының жаңа тұғырнамасы талқыланды
28 қыркүйекте Amanat партиясы қалалық филиалы жанындағы Атырау мұнай өңдеу зауыты бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.  Жиынға зауыттың бас директоры Мұрат Досмұратов, АМӨЗ Бастауыш партия ұйымының төрайымы Бақыт Өтебалы және бес партия тобынан 90-ға жуық делегат қатысты.
28 қыркүйекте Amanat партиясы қалалық филиалы жанындағы Атырау мұнай өңдеу зауыты бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.  Жиынға зауыттың бас директоры Мұрат Досмұратов, АМӨЗ Бастауыш партия ұйымының төрайымы Бақыт Өтебалы және бес партия тобынан 90-ға жуық делегат қатысты.
   Жиналғандар Amanat партиясының жаңа саяси тұғырнамасының жобасын талқылап, азаматтардың құқығын қорғау, білім беру саласын дамыту, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстармен бөлісті. Бастауыш партия ұйымының хатшысы, зауыттың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Мөлдір Борашова өз сөзінде «Қазақстан халқы таза ауа, таза ауыз су, табиғи өнім тұтыну үшін экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыруы қажет. Осы біздің зауытымызда тек қоршаған ортаны қорғау бөлімі ғана емес, барлық зауыт қызметкері, Қазақстан халқы экологиялық талаптарды сақтап, экологиялық мәдениет қалыптастырса қандай керемет жағдай орнар еді», - деп атап өтті.
    Сондай-ақ партия мүшелері жаңа саяси тұғырнаманың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесіне де оң өзгерістер әкелетініне сенім білдірді. «Кез-келген еңбек қауіпсіз болуы және лайықты бағалануы керек. Жұмыстан кейін әрбір адам үйіне аман-есен оралуы қажет. Сол себепті біз қауіпті еңбек жағдайларын бақылауға алып, жұмысшылардың еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеміз», - деді АМӨЗ-дің қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің басшысы Арман Димукашев.
   Отырыс соңында Amanat партиясы Атырау қалалық филиалының XLIV конференциясына қатысатын делегация мүшелері сайланды. Делегация құрамына зауыттың бас директоры Мұрат Досмұратов, АМӨЗ Бастауыш партия ұйымының төрайымы Бақыт Өтебалы, БПҰ мүшесі Александр Федоров, партия мүшелері Арман Димукашев  пен Мөлдір Борашова енді.
   29 қыркүйекте өткен кезектен тыс конференция барысында Арман Димукашев жиналғандарды партия тұғырнамасының мақсаты, ұстанымдары және даму бағдарламасымен таныстырды.  Іс-шара соңында  Бақыт Өтебалы мен Арман Димукашев «Аманаттың» облыстық конференциясына қатысатын делегаттар құрамына енді. Сондай-ақ Бақыт Өтебалы 6 қазанда Астанада өтетін партияның съезіне қатысады.
Баспасөз қызметі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу