Байқауды ұйымдастырудағы мақсат - «КМГ – өңдеу және маркетинг» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері балаларын көркем өнерге баулу, дарындарын шыңдауға қолдау көрсету, компаниялар тобы қызметкерлері арасында ұжымдық рух қалыптастыру.
Жарияланған байқауға Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің балалары да белсенді қатысты. Зауыттың еңбек ресурстары басқармасына 4 жастан 14 жас аралығындағы 21 үміткер «Менің әкем (анам) АМӨЗ-нда еңбек етеді» деген тақырыпта өз жұмыстарын тапсырды. Іріктеу турының нәтижесінде 5 үздік сурет таңдап алынып, жұмыстар «ҚазМұнайГаз – өңдеу-маркетинг» АҚ – ына ақтық турға қатысу үшін жолданды. Олар: Жанерке Ерболатова (5 жаста), Вадим Товкач (6 жаста), Алина Абдығалиева (11 жаста), Дана Сағындық (7 жаста), Дарья Артеменко (7 жаста) салған суреттер. Бұл балдырғандардың фотосуреттері мен конкурстық жұмыстары «ҚазМұнайГаз – өңдеу-маркетинг» АҚ-ның 2014 жылғы ұжымдық күнтізбесіне енгізілді. Сондай-ақ, күнтізбеде балалардың өздері туралы шағын мәліметтер берілген.
Жуырда «ҚазМұнайГаз – өңдеу-маркетинг» АҚ басшылығы атынан балғын суретшілердің атына Құрмет грамотасы жолданды. Сонымен қатар, балаларға өздерінің суреттері жарияланған күнтізбе мен ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.
Назад к списку новостей