Ел алдында еңбегі еленгендер

15.12.2015
1145 просмотров

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 3 желтоқсандағы №124-3 Жарлығымен: Қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директорыОразбаев Қайрат Құлымұлы наградталды.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі жетістігі үшін «Ерен Еңбегі үшін» медалімен «АМӨЗ» ЖШС күрделі жөндеу және қайта құрастыру жөніндегі басқарушы директорының орынбасары  Есенова Нұржамал Жоламанқызынаградталды.

Қоғамдық қызметтегі жетістігі мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен «АМӨЗ» ЖШС мұнай өңдеу, ауқымды күкіртсіздендіру өндірісі бастығының орынбасарыМилехин Юрий Тимофеевич наградталды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №405 Бұйрығымен:

Еңбектегі жетістігі үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне орай, Құрмет грамотасымен «АМӨЗ» ЖШС экономика жөніндегі департаментінің директоры Смағұлов Самат Мұраденұлы марапатталды.

Еңбектегі жетістігі үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне орай, ҚМГ Естелік белгісімен «АМӨЗ» ЖШС қоршаған орта және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті директорының орынбасары Әлмұханов Сайын марапатталды.

2015 жылғы 10 желтоқсандағы №18-02/18 «KAZENERGY» Бұйрығымен:

Еңбектегі жетістігі үшін Құрмет грамотасымен «АМӨЗ» ЖШС №5 цехы технологиялық қондырғысының операторы  Балабанов Иван Васильевич марапатталды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу