«Балшуақтағы» достық мерекесі

29.12.2015
1210 просмотров

Қазақстан бейбітшіл де көпұлтты мемлекет ретінде әлемге мәшһүр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясы барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына біріктіріп, достығын нығайтып келеді. Құрылғанына 20 жыл толған халықтық институт басқа мемлекетерге үлгі. Жуырда «Балшуақ» балабақшасында Ассамблеяның мерейтойына орай арнайы шара өткізіліп, оған жергілікті этномәдени бірлестіктер жетекшілері  мен зауыт атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Кенжебек Шахметов және еңбек ресурстары басқармасының бастығы Гуляра Өтеғалиевлар қатысты.  

Балғындар шараға тыңғылықты дайындалған. Ұлттық киімдер киіп, халықтар достығы туралы өлеңдер оқыды, ән шырқады. Балалар талантты. Балабақша шығармашылықтан бірнеше дүркін қалалық, облыстық байқауларда жүлделі орындарды алып жүр. Балабақшаға жиылғандар балғындардың өнерін тамашалап, тың әсерге бөленді. Зауыт кәсіподақ комитетінің төрағасы Кенжебек Шахметов ертеңгіліктің шырайын келтірген балаларды Жаңа Жылмен құттықтады:  

« -  2015 жыл Қазақстан үшін үлкен оқиғаларға толы өтті. Ел болып Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығын кең көлемде атап өттік. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауыты – 70 жылдық белеске шықты. Осының бәрі де болашаққа тәлім болсын деген ниетпен жасалған шаралар. Жаңа Жыл бәріңізге бақыт әкелсін. Балаларға жарқын болашақ тілеймін, елдің сүйер азаматы болып өсіңдер!»

Кенжебек Шахметов зауыт басшылығы атынан балабақшаның әр тобына қазақ әндері мен ертегілері жинақталған электронды киіз үйлер сыйға тартты. Осы шарада жергілікті этномәдени бірлестіктер жетекшілері де елге деген жүрекжарды тілектерін арнап, балғындарға достықтың, бірліктің маңызын білетіндіктері үшін ризашылығын білдірді.       

Шара соңында «Балшуақ» балабақшасының директоры Бақыт Өтебалы қонақтарға алғысын айтып, Жаңа Жылда бақ-береке, дәулетке жетуге тілектестігін білдірді.                       

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу