Бірегей бағдарламалық өнім

12.01.2016
562 просмотров

«ҚазМұнайГаз АҚ өңдеу-маркетингіне» бірегей отандық ІТ-өнім жасақталып өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

Диспечерлік орталықтың сараптамалық жүйесі – мұнай өнімдерінің Қазақстанның барлық аумағында және сыртқы, халықаралық нарықта сатылуы мен қозғалысын нақты уақыт режимінде бірыңғай орталықтан жедел өндірісті басқаратын елде басқалай баламасы жоқ бағдарламалық өнім,- деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз АҚ өңдеу-маркетинг» бұқарамен байланыс жөніндегі қызметі.    

Жүйе, үздіксіз келіп түсіп жатқан мәліметтерді сараптап, әрбір бағыттағы жағдайды - өндіріс, сақтау, тасымалдау және әр аймақтағы отынның сатылуына болжам жасайды. Егер де жуық арада (3-7 күннен кейін) кез келген май құю стансасында немесе мұнай базасында цистернадан ақау шығып, мәселе туындайтыны болжанса, жүйе автоматты түрде тиісті бөлімше басшыларына хабарлама жібереді. Бұл хабарламалар электронды пошта мен мобильді құрылғыға жіберіліп, жүйелі әрекет ету жөнінде бірнеше баламада болжамды шешімдерді көрсетеді.

Бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесіне авторлық құқық пен сәйкесінше құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен 2015 жылдың 30 желтоқсанында берілген.    

Сараптамалық жүйені бағдарламалық қамтамасыз ету 2014 жылдың 31 желтоқсанынан бері «ҚазМұнайГаз АҚ өңдеу-маркетинг» Диспетчерлік орталығында ауқымды тестілеуден өткізілген. 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу