2015 жылдың 4 және 6 қарашасы аралығында ҚР ішкі істер министрінің орынбасарының басшылығымен, республикалық командалық штабтық «Қыс – 2015» жаттығуы өткізілді.
2015 жылдың 4 және 6 қарашасы аралығында ҚР ішкі істер министрінің орынбасарының басшылығымен, 2003 жылдың 17 қаңтарындағы ҚР Үкіметінің № 50 «Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып- үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы» Қаулысына және азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, сонымн қатар, басқару органдарын, күштер мен мүмкіндіктерді дайындау мақсатында республикалық командалық штбатық «Қыс – 2015» жаттығуы өткізілді.
2015 жылдың 5 қарашасындағы энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұ. Қарабалиннің № 10 – 03 – 6758 ұйымдастыру шараларына қатысты нұсқаулары негізінде, сонымен қатар, Атырау облысы әкімі Б. Ізмұхамбетов мырзаның 2015 жылдың 27 қазанындағы № 01-02-2/8739 ұйымдастыру нұсқауларына сәйкесті, «Атырау МӨЗ» ЖШС «Қыс- 2015» республикалық командалық- штабтық жаттығуларына қатысты.
2015 жылдың 4 қарашасындағы зауыт бойынша, № 611п бұйрыққа сәйкес, жаттығудың басшысы болып Бас директордың – өндіріс жөніндегі орынбасары- бас инженер Денис Козырев тағайындалды. Жаттығулардың штаб басшысы болып төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Азамат Кикбаев тағайындалған болатын.
Жаттығудың тақырыбы: «Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесі күштері мен басқару органдарын қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлар жөнінде ескертуге және салдарын жоюға дайындау».
Жаттығуды дайындау және өткізу барысында төмендегідей мәселелер назарға алынды:
- Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесінің салалық жүйелерінің және тұрғындардың қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың салдарын жоюға деген дайындығы мен мүмкіндігін арттыру;
- Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесінің салалық жүйелерінің өмірлік маңызы бар нысандардың қалыпты жұмыс атқару жағдайы бұзылғанда құзырындағы күштерді басқаруда ынтымақтаса жұмыс жасауын жетілдіру;
- қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға қызметтер мен азаматтық қорғаныс топтарының әрекет ету жағдайын тексеру;
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі комиссияның адамдардың денсаулығына зиян келтіруді болдырмау, қаза табуына жол бермеуге қатысты шараларды қабылдау жөніндегі мәселелерді қарастырған мәжілістерді өткізуі, сонымен қатар, Төтенше жағдайлар пайда болғанда және олардың қауіпіне жедел әрекет ету шараларын жетілдіріп, сапасын көтеру, олардың салдарының зиянын төмендету;
- зардап шеккендерді көшіру мен өмірге қажетті жағдайларды қалыптастыру мақсатында жолдарды пайдалану мен қалыпты жағдайда ұстау үшін жауапты ұйымдармен әрекет етуді ұйымдастыру.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің крисизтік орталығында облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев 2015 жылдың 6 қарашасында мекемелердің штаб басшыларының есептерін тыңдады. «Атырау МӨЗ» ЖШС алдына қойылған барлық сынақтардан өтіп, қыс мезгілінде төтенше жағдайлардан өту мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдеп шықты.
Назад к списку новостей