Комплаенс

2019 жылы АМӨЗ-де комплаенс қызметі құрылды. Комплаенс-офицер «АМӨЗ» ЖШС Бақылау кеңесіне бағынатын және функционалды есеп беретін тәуелсіз бірлік болып табылады.

Қызметтің негізгі мақсаты қызметкерлер арасында ашықтықты, адалдықты қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және серіктестіктің ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша міндетті реттеушілік талаптар мен озық халықаралық практиканы сақтау, сондай-ақ үздік халықаралық стандарттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ішкі саясатына сәйкес бизнесті жүргізу үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Комплаенс-офицер құпия ақпараттандырудың жедел желісіне түсетін шағымдарды қарастырады. Яғни мүдделі тұлғалар іскерлік әдеп кодексін бұзған кез келген жағдайлар туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық фактілері және өзге де бұзушылықтар туралы хабарлай алады. Комплаенс-офицер жыл сайын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комплаенс қызметіне жылдық қорытынды бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп береді, сондай-ақ тоқсан сайын жедел желіге келіп түскен өтініштер туралы есеп береді.


compliance_kaz123.png

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу