Ақпараттық хабарлама

29.11.2024
194 просмотров
2024 жылғы 29 қарашада сағат 09:57-де Атырау мұнай өңдеу зауытының Naphtha HT (3204 титулы) бензинін гидротазарту қондырғысында бу колоннасының серіппелі сақтандырғыш клапаны іске қосылғандықтан артық газ штаттан тыс жағдайлардың алдын алу үшін алау жүйесіне жіберілді.

Қазіргі уақытта қатаң регламентке сәйкес технологиялық процесс тұрақтандырылды. Бұл жағдай қондырғының жұмыс режиміне әсер етпегенін растаймыз, технологиялық процесс штаттық режимде жалғасуда.

Қазіргі уақытта зауыт мамандары клапанның іске қосылу себептеріне талдау жүргізуде. Барлық іс-шаралар қолданыстағы нормативтік құжаттар мен өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарының талаптарына толық сәйкес орындалады.

Орын алған оқиғаның себептері мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат барлық қажетті іс-шаралар аяқталғаннан кейін беріледі. Зауыт ашықтыққа, заңнаманы сақтау және жабдықты қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз ету қағидаттарына өзінің адалдығын растайды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу