Каталитикалық крекинг қондырғысы белгіленген мерзімнен бұрын іске қосылды

30.10.2023
833 просмотров

Атырау мұнай өңдеу зауытының каталитикалық крекинг қондырғысында (ККҚ) жоспарлы - алдын ала тексеру жұмыстары кестеден бұрын аяқталып (ППР) іске қосылды.

Мамандандырылған ұйымдардың қарқынды жұмылдырылуы және зауыттың профильді қызметтерінің жіті бақылауы нәтижесінде 29 қазанда каталитикалық крекинг қондырғысы тұрақты жұмыс режиміне шығарылды, бұл сұйытылған мұнай газын (СМГ) өндіруді қайта бастауға және дизель отыны өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, қалған технологиялық қондырғыларда да жоспарлы-алдын ала тексеру жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Жабдықтарды кезең-кезеңімен технологиялық режимге шығару жоспарлануда.

Кәсіпорын тұрақты жұмыс режиміне қараша айының алғашқы онкүндігінде шығады.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу