АМӨЗ-де технологиялық қондырғыларды іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде

04.07.2023
1128 просмотров
АМӨЗ-де технологиялық қондырғыларды іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде
4 шілде күні, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болып, МАЭК тарапынан электр қуатының ажырауына байланысты өндірісті тоқтатуға мәжбүр болған кәсіпорынды қайта іске қосу барысымен танысты.

Орын алған жағдайға қарамастан, АМӨЗ жинақталған қор есебінен мұнай өнімдерін жөнелтуді жалғастыруда. Бүгінгі таңда зауыт резервуарларында: 26 мың тонна автобензин, 34 мың тонна дизель отыны, 1 500 тонна сұйытылған мұнай газы, 6 мың тонна авиакеросин қоры бар. Бұл көлем мұнай өнімдерін бір апта бойына тұрақты жөнелтуге жеткілікті.
«Электр қуаты тұрақты беріле бастаған сәттен зауыттың технологиялық қондырғылары қалыпты жұмыс режиміне біртіндеп көшті», - деп хабарлады АМӨЗ-дің бас директоры Мұрат ДОСМҰРАТОВ.
Апта соңына дейін кәсіпорын мұнай өнімдерін бұрынғы көлемде шығара бастайды деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, 3 шілде күні сағат 17:25-те (жергілікті уақыт) KEGOC АҚ тарапынан электр қуатының өшірілуі салдарынан зауыт жұмысын тоқтатты. Технологиялық қондырғылардағы шамадан тыс қысым факелдік қондырғыларға жіберілді.
Сағат 19:35-те (жеріглікті уақыт) KEGOC АҚ тарапынан электр энергиясын беру процесі қалпына келтірілді.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу