Каталитикалық крекинг қондырғысында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүруде

07.02.2023
1303 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауыты қазіргі кезде каталитикалық крекинг қондырғысында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жүріп жатқандығын хабарлайды. Қалпына келтіру жұмыстарына арнайы құрылған жедел штабтан бөлек каталитикалық крекинг процесінің лицензиары – Axens компаниясының мамандары да қатысуда.
Лицензиар жүргізген тексерудің нәтижесіне сәйкес жедел штаб келесідегідей жұмыс кестесін белгіледі:
18 ақпан – жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуы;
18-22 ақпан аралығында – іске қосу жұмыстары.
Каталитикалық крекинг қондырғысы толық жұмыс режиміне 23 ақпанда шығады деп жоспарланған.
Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың 1 ақпанында Атырау мұнай өңдеу зауыты регенераторларда температураның көтерілуіне байланысты каталитикалық крекинг қондырғысын жоспардан тыс тоқтатты. Ақаулар анықталған соң «ҚазМұнайГаз» АҚ» ҰҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің тапсырмасымен қондырғының жұмысын қалпына келтіру бойынша жедел штаб құрылды. Штабқа ҚМГ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары Арман Қайрденов жетекшілік етуде.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу