Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Компания туралы
Компания туралы
Компания басшылары
Тарих
Экология және қауіпсіздік
Сапа, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат
Қоршаған ортаны қорғау
Энергия тиімділігі бағдарламасы
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
Парниктік газдардың атмосфераға шығарындылары
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Өндірістік экологиялық мониторинг
Компанияның жеке (өндірістік) қажеттіліктеріне су тұтыну және су бұру
Еңбекті қорғау
Өрт қауіпсіздігі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
TAZALYQ жобасы
Өнім
Өндіріс
Жалпы өсімдік шаруашылығы
Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені
Гидрогенизациялық процестер өндірісі
Мұнайды терең өңдеу өндірісі
Мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірістік нысаны
ПКИС
ППНГО
Жылу және электр энергиясы өндірісі
Зауыттың орталық зертханасы
ГТЭС
ISO
Мақсаттары мен міндеттері
«АМӨЗ» ЖШС-нің саясаты
Сертификаттар
Әлеуметтік сала
Тұрғын үй құрылысы
Медицина орталық
Медициналық сақтандыру бағдарламасы
Балалар демалысы
Оқыту
Асханалар
Ардагерлерге қамқорлық
Тарих және еңбек даңқтары залы
Техникалық кітапхана
Мәдени-көпшілік шара
Әлеуметтік қолдау
Спорттық жұмыс
Активтер
Сатып алулар
Жылдық сатып алулар жоспары
Ұзақ мерзімді
сатып алулар жоспары
Нормативтік құжаттар
Қосымша ақпараттар
Мұрағат
Сатып алулар
Модернизациялау
«Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру
«Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені» жобасын іске асыру
Идеялар банкі
Блог
Жазбаша өтініштер
Негізгі қуатқа қол жеткізу
Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Негізгі
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
Samruk-Kazyna Trust қорының қолдауымен жүзеге асқан әлеуметтік жобалар таныстырылды
Samruk-Kazyna Trust қорының қолдауымен жүзеге асқан әлеуметтік жобалар таныстырылды
28.11.2022
1267 просмотров
Samruk-Kazyna Trust қорының ұйымдастыруымен Атырау облысында іске асырылған инклюзивті жобалармен танысу мақсатында пресс-жорық ұйымдастырылды. Баспасөз турына «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялардың өкілдері, қоғам белсенділері мен жергілікті БАҚ қатысты.
Алдымен жиналғандар жаңарған «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығының жұмысымен танысты. Онда қазір 100-ден астам сөйлеу қабілеті бұзылған, аутизм, церебральды сал ауруы және Даун синдромы бар балалар ем алуда. Samruk-Kazyna Trust қоры орталықты оңалтуға қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 27,5 млн тг қаражат бөлген. Сондай-ақ 50 бала қордың арнайы сертификатына ие болып, тегін ем алуда. Орталық жұмысымен танысқан АМӨЗ-дің жұртшылықпен байланыс, мемлекеттік органдармен, мердігерлік ұйымдармен жұмыс істеу және әкімшілік мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Серік Арыстан ерекше балалармен жұмыс істеудің үлкен жауапкершілік екенін, сондықтан мұнда қызмет атқаратын мамандарды әлеуметтік қолдауға, біліктіліктерін арттыруға аса мән беру керек екенін айтты.
Әрі қарай пресс-жорық мүшелері балаларға арналған кешенді оңалту, диагностика және кеңес беру қызметтерін көрсететін «Қамқорлық» оңалту орталығына барды. Мұнда жылына 600 балаға дейін тегін емделеді. Жалпы «Қамқорлық» жобасы аясында Samruk-Kazyna Trust қорының қаржылай қолдауымен еліміздің барлық өңірінде 15 оңалту орталығы, 16 инклюзивті кабинет және 7 ерте араласу орталығы ашылды. Оларды толықтай жабдықтау үшін 3 млрд тг астам қаражат бөлінді.
Samruk-Kazyna Trust қоры әлеуметтік осал санаттағы ересектерді қолдауға да ерекше назар аударады. Оған дәлел ретінде Атырау қаласында ашылған Іскер әйелдер қауымдастығының «Әрекет» жобасын атауға болады. Жоба шеңберінде 100 жалғызбасты, көпбалалы және жұмыссыз әйел тігінші, аспаз, кондитер, шаштараз және клининг салаларын меңгеруде. Бір жарым айлық курс аяқталған соң олар өз істерін ашу үшін арнайы гранттарға ие болады немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Samruk-Kazyna Trust жобаны қаржылай қолдауға 48 млн тг бөлген.
Бұдан кейін баспасөз турына қатысушылар «Атырау. Маленькая страна» әлеуметтік қалашығына бас сұқты. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту үшін құрылған қалашықта канистерапия, иппотерапия және еңбек терапиясы өтеді. Ал шаруашылықты жүргізу үшін «жасыл технология» қолданылады. Биыл Samruk-Kazyna Trust қоры қалашықты шағын гибридті жел-күн электр станциясымен және шаруашылық ғимараттар мен әкімшілік үй-жайларға арналған конвекторлық жылытқыштармен қамтамасыз ету үшін 37,5 млн теңге бөлді. Құрылғылар іске қосылған соң әлеуметтік қалашықта электрмен жабдықтау толығымен автономды болады деп күтілуде.
Тур соңында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов пен Samruk-Kazyna Trust басшысы Альфия Адиева аталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға мұрындық болған еншілес компаниялардың өкілдеріне алғыстарын жеткізді.
«Биыл біз өзіміздің жасаған жұмыстарымызды мейлінше жан-жақты ақпараттандырып жатырмыз. Осындай әлеуметтік маңызы бар жобалар көбейе берсін. Samruk-Kazyna Trust - «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және оған қарасты осы өңірде орналасқан Атырау мұнай өңдеу зауыты, Ембімұнайгаз, KEGOK, Қазақстан Темір Жолы, Қазақтелеком, Қазпошта сияқты мекемелердің атынан қайырымдылық қызметтерді көрсететін бірыңғай оператор. Еншілес компанияларға үлкен алғыс айтамын», - деді қордың бас директоры.
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы тек Атырау облысында соңғы бес жылда 1 миллиард теңгеден астам сомаға 19 әлеуметтік жобаны іске асырды. Жобалар өңір тұрғындары үшін маңызды мәселелерді шешуге және үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік бастамаларын қолдауға бағытталған. Тек биылдың өзінде өңірде 375,5 млн теңге сомасына 7 жоба мақұлданды.
Поделиться в социальных сетях:
Назад к списку новостей
Жаңалықтар
Сурет галереясы
Бейне галереясы
Корпоративтік БАҚ
Барлығы
AMOZ Alemi газеті
Еңбек адамы
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу
Таратуға жазылу
Email
*
Жазылу
Закрыть
Жеке кабинетке кіру
Логин
Құпиясөз
Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?
немесе
тіркелу
Парольді қалпына келтіру
E-Mail:
*