Атырау мұнай өңдеу зауытында тұңғыш рет «НұрОтан» партиясының «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Индустриалды даму» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің көшпелі комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қ.Қ.Жақыпов, А.Т.Қожахметов, М.Д. Бопазов, С.Н.Өтебаев және комиссия төрағасы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.М.Жамаловтар зауыт аумағына шығып, жаңғыртулар бойынша салынған нысандарды аралап көріп, 2017 жылдың 3-4 тоқсандарында механикалық бөлігі аяқталып, қосып-баптау жұмыстары басталатын мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені (МТӨК) құрылыс алаңдарына барып, еңбек ұжымымен кездесті. Жоба құрылысын аралап көрген мәжілісмендер МТӨК құрылысының ауқымын салмақтап барып, жаңа өндірістік келешектің маңызы туралы атап өтті.
Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені (МТӨК) іске қосылысымен Кедендік Одақтың техникалық талаптарына сәйкес, К-4 және К-5 (Евро-4, Евро-5 тектес) стандарттарындағы бензин шығарылады. Мұнайды тереңдетіп өңдеу ұлғайып, өндірісте ашық түсті мұнай өнімдерінің (бензин, дизель отыны) үлесі артады. Құрамында зиян мөлшері төмен автокөлік бензинінің тұтыну есебінен аймақтың экологиялық ахуалы жақсармақ.
«Нұр Отан» партиясының XII Съезінде Елбасы атап өткендей, біз жылына мұнай өңдеу көлемін 17 млн. тоннаға жеткізуіміз қажет. Сонда ғана, Қазақстандағы жанар-жағар майға дееген сұранысты толық жаба аламыз,-деген болатын. Осы мақсатта Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарында келелі жаңғыртулар бастау алды,-деп атап өтті Мәжіліс депутаты А.Жамалов. –Бүгін біз зауыттағы жаңғыртудың жүргізіліп жатқанын көзбен көрдік. Жаңа технологиялардың өндіріске қосыларына сенімдіміз. Бәрі де өндірісті тоқтатпастан жүзеге асып жатыр. Мұнда өндіріспен қоса жаңа да заманауи үлгідегі мұнай өңдеу зауыты бой көтеріп келеді».
Халық қалаулысы 2018 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мұнай өңдеу зауыттарына алдына қойған тапсырмаларының мүлтіксіз орындаларына сенім білдірді.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі А.М.Мағауов, «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ жетекшілері мен «Атырау м МӨЗ» ЖШС бас директоры Ғ.Амантурлин мұнай зауытындағы жаңғыртудың соңғы сатыларын аяқтау туралы, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жайымен мұнай өңдеу секторында бәссекелестікті арттыру бойынша баяндады.
Назад к списку новостей