Жиынды «АМӨЗ» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары-бас инженер Нұрлан Ещанов ашып, зауыт ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады. Ол кәсіпорынның табысты дамуына үлес қосып жүрген барлық мамандарға алғыс айтып, олардың кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі зауыттың тұрақты жұмыс істеуінің негізі екенін атап өтті.
Салтанатты жиын барысында 22 қызметкер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен, Атырау облысы мен Атырау қаласы әкімдерінің алғыс хатымен, «Еңбек ардагері» және «Мұнай-газ-химия саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдерімен, «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісімен, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ «АМӨЗ» ЖШС Бас директорының алғыс хатымен марапаталды.
Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың меркелік концертімен аяқталды.
Назад к списку новостей