«Атырау МӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан Амантурлин Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күніне орай, өндірістік салада қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік жүйесі мен ісіне қосқан үлестері үшін зауыт қызметкерлерін құттықтады.
Бүгінде зауытта жүргізіліп жатқан келелі жаңғыртулар экологиялық таза өнім шығару мен қоршаған ортаға кері әсерді азайтуға бағытталғаны баса айтылды. Ғ.Амантурлин кәсіпорындағы экологиялық жобаларды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Сәния Шафигуллинаға облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, ортақ іске белсенді атсалысып жүрген мұнай өңдеу және ауқымды күкіртсіздендіру өндірісі бастығының орынбасары Құсайын Орынбасаров және мұнай өнімдерін тасымалдау өндірісі резервуар паркінің бастығы Орақ Оразмұхамбетовтер зауыт бас директорының Алғыс хатымен марапатталды.
Назад к списку новостей