«Атырау МӨЗ» ЖШС-ндегі Мұнай және Газ Жастар мектебінің алғашқы түлектері

21.02.2014
799 просмотров
Ағымдағы жылдың 14 ақпанында Атырау қаласында алғаш рет KAZENERGY Ассоциациясы мен Атырау мұнай өңдеу зауыты ұйымдстырған Мұнай жән Газ Жастар мектебінің алғашқы түлектеріне сертификаттар табысталды.

KAZENERGY Ассоциациясының Жастар комитеті 2009 жылдың шілдесінде жас көшбасышылардың жан-жақты дамуына, олардың потенциалдарын көрсету мақсатында құрылған болған. Содан бері комитет түрлі халықаралық жастар форумы мен конференциялар өткізіп, Астана қаласында жастарға арналған мұнай және газ мектептерін ұйымдастырды.

Атырау қаласындағы жоба бастауын алмас бұрын комитет Атырау мұнай және газ институтының ең үздік студенттерін таңдап алып, оқыту бағдарламасы дайындалды.

Екі аптаға созылған курс шеңберінде Жастар мектебінің 32 студенті мұнай өнімдерін шығару ерекшеліктері, АМӨЗ даму жоспары мен модернизация бағытындағы тақырыптарды қамтыған дәрістер циклын тыңдады.

Бұл оқыту студенттердің кәсіби қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етті. Тыңдаушылар оқыту бағдарламасының жан жақтылығына ризашылықтарын білдірді. Өйткені, студенттер өз ісінің кәнігі мамандарымен бетпе бет жүздесіп, әңгіме барысында теориядан алған білімдерін тәжірибелік мысалдармен бекітті.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу