ҚХР Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Лэ Юйчэннің зауытқа сапары

19.03.2014
981 просмотров
2014 жылдың 18 наурызында Атырау мұнай өңдеу зауытында ҚХР Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Лэ Юйчэн болып қайтты. Мәртебелі мейманды «Атырау МӨЗ» ЖШС бас директоры Қайрат Оразбаев қабылдады.

Кездесу барысында жекелеген учаскелердегі технологиялық процесстерді жедел басқаруға және зауыттың жалпы өндірістік циклындағы қандай да бір өзгерістер орын алғанда онлайн әрекет ету мүмкіндігі бар автоматтандырылған кешен – бірыңғай операторлық құрылысы мәселелері талқыланды.

Лэ Юйчэн мырза, АКШ кешені жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, «Ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен құрылысы» инвестициялық жобасы Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Кешен құрылысы аяқталуға таяу. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде зауытта бензин фракцияларынан бензолды бөліп алу және параксилол шығаруға арналған заманауи техникалық база қалыптаспақ. Қайта жаңғырту барысында қоршаған ортаға тигізілетін әсерді мейлінше төмендету мақсатындағы оңтайлы инженерлік шешімдер қарастырылған.Қытайлық «Sinopec Engineering (Group) Co.LTD» компаниясы 2014 жылы кешен құрылысын аяқтағаннан соң зауытта 133 мың тонна бензол, және тазалық кепілдігі 99,9% /масса/ 496 мың тонна параксилол өндірілетін болады. Айта кетерлігі, параксилолдың ASTM бойынша тазалық кепілдігі 99,7% болуы шарт. Өндіріс іске қосылғаннан кейін Қазақстанда қосылған құны жоғары өнімдер шығаратын мұнай химия өндірісінің бірегей тізбегі қалыптаспақ.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу