Сондай-ақ, қала қонақтары мен тұрғындар үшін халықтық серуен ұйымдастырылып, жұртшылық облыс әкімшілігі алдында қоныс тепкен «Этноауыл» мәдени-тарихи жобасы арқылы халқымыздың салт-дәстүрлерімен жете танысуға мүмкіндік алды. Ал Жайық жағасын бойлай жайғасқан қолөнер шеберлері мен суретшілер өз туындыларын халық назарына ұсынып, мұнымен бір уақытта облыстың өнер ұжымдары үлкен сахна төрінде ән мен биден шашу шашты. Бір сөзбен айтқанда, айтулы саяси мәні бар өңіраралық форум жалпыхалықтық мерекеге айналды. Алғашқы күні мінез көрсеткен күн райы да бұған кедергі болмады, нөсерді нұрға телитін халқымыз мұны да жақсылыққа балады. Ал форумның екінші күнінде аспан шайдай ашылып, жұртшылықтың да көңіл күйлері жайдарыланып сала берді. Әкімшілік алдындағы алаңның әдемілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес: аппақ киіз үйлер, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, алтыбақан, ұлттық киімдегі қыз-жігіттер. Қарайсың да, тамсанасың.
«Этноауыл» жобасына Аты¬рау облысының аудандары мен ірі кәсіпорындар қатысты. Шараға белсенді қатысушылар қатарында Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымы да бар. Тарихи тұлғалардың атауын алған әрбір киіз үйдің ішінде беташар, қыз ұзату, көрісу, шілдехана сынды әдет-ғұрыптар сахналанды. Дина Нұрпейісова ауылы атауын алған Атырау мұнай өңдеу зауытының киіз үйінен дәм татуға бас сұққандар әзілге құрылған қыз бен жігіттің айты¬сын ерекше қызығушылықпен тамашалады. Ауылдың қыз-жігіттері ақындарына құрмет-қошемет көрсетіп, жалынды сөздерімен қолпаштап отыр¬ды. Әсем сөзден өрнек өрген ақын қыз бен жігіттің сөз жарысын Дина күйші де жоғары бағалап, жиналғандарға ақ ба¬тасын берді.
Халқымызбен бірге жасап келе жатқан сөз өнерінің ішіндегі ең киелісі – айтыс өнері туралы Саратов, Тюмень, Самара, Уфа, Челябинск, Но¬восибирск, Томск қаларынан келген делегация өкілдері мағлұмат алды. Меймандарға ата-баба салтымен ақ ұсынылып, қазақ халқының ұлттық тағамдарынан ауыз тиді. Ұлттық жиҺаздар, ер-тұрман әбзделдері, ұлттық киімдер мен аспаптар, ер қаруы, алуан түрлі киіз үй жабдықтарымен жарақталған Дина аулында суретке түсуге ниет білдіргендерде шек болмады. Өйткені, Атырау мұнай өңдеу зауыты тіккен киіз үй этноауылдағы үйлердің ішіндегі ең үздігі болды. Киіз үйді тарихи экспонаттармен жабдықтауға зауыттықтардың көпшілігі бір кісідей ат салы¬сып, оның өзгелерден дара көрінуі үшін аянып қалмады. Сондықтан да болар, зауыттың киіз үйі этноауыл қонақтарының назарын өзіне аударды.
Әрдайым жақсы істің жанынан табылатын Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымы осы¬лайша қалалық әкімшілікпен ұйымшылдықта жұмыс жасай отырып, аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы шаралардың өз деңгейінде өтуіне зор үлестерін қосты.
Назад к списку новостей