Өткен 9 айда өндірістік жоспар 100 пайызға орындалды

02.10.2014
1068 просмотров
Өндірістік жоспардың орындалуы туралы

2014 жылдың 9 айындағы өндірістік қызметтің қорытындылары бойынша «Атырау МӨЗ» ЖШС 3 650 523 тонна мұнай өңдеді, өндірістік бағдарламаға сай 9 айда өңделуі тиіс шикізат көлемі 3 638 587 тонна болатын. Ал жылдық жоспар бойынша зауыт 4 920 000 тонна мұнай өңдеуі тиіс. Өндірістік жоспар 100 пайызға орындалып, жыл басынан бері 11 936 тонна мұнай артық өңделген.

2013 жылдың сәйкесті кезеңінде 3 249 228 тонна мұнай өңделсе, биылғы көрсеткіш бұдан 401 295 тоннаға көп.

Сондай-ақ, 2014 жылдың 9 айы бойынша мұнай өнімдерін шығару және тиеу өндірістік бағдарламасы да 100 пайызға орындалды. Өткен жылдың сәйкесті кезеңіне қарағанда мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісі бірқатар артқан.

Өткен 9 айда тиелген мұнай өнімдерінің көлемі төмендегідей:

Автобензиндер - 445 876 тонна, (114 569 тоннаға көп);

Дизель отыны - 1 033 232 тонна, (146 690 тоннаға көп);

Пеш отыны - 128 248 тонна, (27 414 тоннаға көп);

Вакуумды газойль - 561 700 тонна, (104 607 тоннаға көп);

Кокс барлығы - 103 181 тонна, (46 512 тоннаға көп);

Сұйытылған газ - 16 921 тонна, (7 652 тоннаға көп).

Сонымен қатар, есепті кезеңде жалпы көлем үлесіндегі жоғарыоактанды бензин 43% -ға жеткізілді (2013 жылдың сәйкесті кезеңінде 23,0 % болды). Жыл басынан бері шығарылған дизель отынының барлық көлемі К-2 экологиялық таза дизель отыны санатына сәйкес келеді.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу