Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңажылдық мереке күндері де қайырымдылық шараларын жалғастырды. Облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған үйіндегі шыршаға қатысқан зауыт өкілдері қамкөңіл жандарға сыйлықтар жасады.
Интернат үйін бүгінде 110 қария мекен етеді екен. Оларды бұл жерде түрлі тағдыр, түрлі жағдай тоғыстырған. Араларында Ұлы Отан соғысының ардагері де бар. Қарттар егде тартқан шақтарында да өмірге құштарлығын байқатады. Себебі, осы интернат үйінде үш жұп алдағы өмірін некемен байланыстырған. Мемлекет пен жергілікті билік тарапынан арнайы қарттар үйіне қамқорлық бар, әрине. Ал, ниет білдіріп қарияларға құрмет көрсете келген жандарға интернат үйі қашанда жылы қарсы алады. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС ұжымы атынан Еңбек ресурстары басқармасының бастығы Гуляра Өтеғалиева мен зауыт әйелдер Кеңесінің төрайымы Светлана Шапабаевалар қарттарды Жаңа Жылмен құттықтап, игі тілектерін жеткізді:
«- Зауытымызда 615 ардагеріміз бар. Оларды қашанда құрметтеп, қолдау көрсетіп келеміз. Қариялар- асыл қазына. Мереке сайын сый-сияпат жасаймыз. Сіздерге де жыл сайын келіп, осылайша назарымызды білдіреміз. Кішкене ғана сыйлығымыз Сіздерге деген құрметіміз...»-деді Гуляра Өтеғалиева. «Қартайғандарыңыз бен көңілдеріңіз жас екен. Осыны байқадық. Аман болыңыздар. Сіздерге мықты денсаулық тілейміз! Зауыт жанында жастар бірлесігі, ардагерлер мен әйелдер Кеңесі секілді қоғамдық ұйымдар бар. Енді алдағы мерекелік шараларда осы қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен концерттік бағдарлама ұйымдастыру жоспарлап отырмыз. Біз сіздерді әрқашан қамқорлыққа алатын боламыз!»
Өз кезегінде облыстық қарттар мен мүгедектер үйінің директоры Қилымқас Күзембаева зауыт ұжымына алғысын білдірді.
«- Атырау мұнай өңдеу зауыты біздің қарттар үйін барынша назарға алған. Мереке сайын құттықтап, сыйлықтарын әкеліп жатады. Қариялар атынан алғысымызды білдіреміз. Мемлекет қарттарымызды қамқорлап жатыр. Дегенмен, Сіздердің көңіл бөлгендеріңіз серпілтіп тастайды. Зауыт ұжымына көп-көп рахметімізді айтамыз...»
Қарттар атынан сөз алған Амангелді Ақбердіұлы мен Людмила Славовалар құрмет көрсеткен зауыт ұжымына интернат тұрғындарының алғысын білдіріп, қариялық ақ батасын берді.
Жаңажылдық мерекеде зауыт ұжымынан басқа жергілікті мекеме, ұйымдар да қарттарды құттықтап, шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Назад к списку новостей