Құрылымдық өзгерістер өндіріске басымдық береді

18.01.2016
605 просмотров

«Атырау МӨЗ» ЖШС бекіткен ұйымдастырушылық құрылымдарына сәйкес, зауыт цехтарды таратып бір орталықтан басқарылатын өндіріске көшті. 

Атап айтқанда, мұнай өңдеу, ауқымды күкіртсіздендіру өндірісінің базасында №4, 5, 8, ЖЭО және АКШ, өндірістік-техникалық қамтамасыз ету цехтары біріктіріліп, мұнайды өңдеу өндірісі (МӨӨ) және сервистік қызмет өндірісі (СҚӨ) құрылды. Жаңа жылдан бастап енгізілген жаңашылдықты жұмысшыларға түсіндіру мақсатында зауыт бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары- бас инженер Денис Козырев пен бас инженердің технологиялар және өндіріс жөніндегі орынбасары Еркін Сүлейменов жаңа құрылған өндірістерде кездесу өткізді.

Жаңа өндіріс ұжымымен кездесуде Денис Козырев цехтық жүйе ескіліктің нышаны, сондықтан да зауыт жаңа жылдан бастап әлемдік мұнай өңдеу кәсіпорындарында қолданылып келе жатқан өндірісті басқаратын жаңа құрылымға көшкенін атап өтті. Бас инженер мұнайды өңдеу өндірісінің бастығы қызметіне тағайындалған Василий Гацконы ұжымға таныстырды. Ол еңбек жолын №1 цехта бастаған. Оның орынбасарлығына- мұнайды өңдеу және ауқымды күкіртсіздендіру өндірісінің бастығы болып Асқар Ермышев тағайындалды. Құсайын Орынбасаров – осы өндірістің бастапқы өңдеу процесіне басшылық жасайды. Ал, өндіріске сервистік қызмет көрсетуді Салават Бисалиев басқаратын болды.

Құрылымдық өзгерістер- уақыт талабы. Бұл «ҚазМұнайГаз» компаниясының саясатына сәйкес «Уақытпен үзеңгілес» ұранымен астасып жатыр,-деп атап өтті мұнайды өңдеу өндірісінің бастығы Василий Гацко. Өзгерістің басты мақсаты- еңбек өнімділігін арттыру. Сол үшін біз бір командаға бірігіп, әсіресе, инженер-техниктер желісіне қатысты жұмыс жасап қалыптасуымыз қажет. Жұмысшыларға құрылымдық өзгерістер әсер етпейді. Олардың функционалдық қызметі мен бағыныштылығы сол күйінде қалады. Екі жаңа өндіріс те МӨӨ мен СҚӨ бас инженердің құрылымына кіреді. Бас директор Қайрат Құлымұлы өндірісті жаңа белеске көтеру туралы бірнеше рет айтқан болатын, ол үшін өндіріс басшылары мен қондырғылар механиктерінің өндірістегі ролін арттыру көзделген еді. Бұл жаңашылдық оған барынша ықпал етпек. Біздің жұмысымыз өзара ынтымақтастықта жүретін болады. Сондықтан біз күн сайын селекторлық кеңес өткіземіз, өндіріс жетекшілері жалпы жағдайдан хабардар болып отырады. Бір сөзбен айтқанда, ақпаратты білгендіктен бір командада жұмыс істеу қиындық тудырмайды. Мұнайды терең өңдеу кешені іске қосылғаннан кейін, зауытты басқару бірыңғай операторлық бекеттен жүргізіледі. Барлық аға операторлар ауысым бастығының жетекшілігімен сол жерге топтастырылады. Бұл біздің тығыз байланыста жұмыс істеп, төтенше жағдайлар орын ала қалған жағдайда жедел шешім қабылдауымызға мүмкіндік береді.

Сервистік қызмет көрсету өндірісінің құрамына қондырғы механиктері, қоймашылар, жөндеу шығындарын есептейтін сметалық топ, құрылғылар базасы мен материалдар кіреді. Жаңа өндірістің міндеті- жедел әрі сапалы түрде сервистік қызмет көрсету және уақытында қосалқы бөлшектер, құрылғылармен қамтамасыз ету. - Біз зауыттың барлық қондырғыларын күтімде ұстап, уақытында күрделі және ағымдағы жөндеумен қамтамасыз етуіміз шарт. Сондықтан да біз замнауи өндірістік талаптарға сай, келген жаңа қондырғыларға жоғары сапалы  қызмет көрсетіп, нарықтық қатынаста жұмысты ұйымдастыруымыз қажет,-деді СҚӨ бастығы Салават Бисалиев.                          Бас инженер Денис Козырев жаңа құрылған өндірістік ұжымның алдында тұрған басты міндет АТ-2 қондырғысына күрделі жөндеу жүргізу екенін атап өтті. Ол қалыптасқан қаржылық ауыр жағдайға қарамастан зауыттың өз қаржысына жасалуы қажет. Бүгінде зауыт Қазақстан даму банкіне қайта жаңғыртуға байланысты алынған несиесін төлеуде. Несие доллармен өтеліп келеді. 

Осы айда АМӨЗ 450 мың тонна мұнай өңдеуді жоспарлаған еді, алайда, Энергетика министрлігі шикізатпен жабдықтау кестесін қайтара қарап, өңдеу жоспарын 320 мың тоннаға түсірді. Дегенмен, осындай жағдайға қарамастан зауыт басшылығы жұмыс орындарын сақтап қалуға және жалақыны осы деңгейден түсірмеуге шаралар алып жатыр.

Кездесу барысында бас директордың орынбасары жұмысшыларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Осындай кездесу бас инженердің технологиялар және өндіріс жөніндегі орынбасары Еркін Сүлейменов, мұнайды өңдеу өндірісінің бастығы Василий Гацко және сервистік жұмыстар өндірісінің бастығы Салават Бисалиевтің қатысуымен тауарлы мұнай өнімдері өндірісінде болып өтті. Еркін Сүлейменов өндіріс жұмысшыларымен жүздесуде 2015 жылғы жетістіктерге тоқталып, жаңа құрылымдық өзгерістерге түсіндірме берді. №4 цехтың бұрынғы бастығы Нариман Қасанов енді мұнайды өңдеу өндірісі бастығының орынбасары- тауарлы мұнай өнімдері өндірісінің бастығы болып қызмет атқарады. Атап өткен жөн, жаңа құрылымдық өзгеріс зауытта 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіліп, жаңа өнідірістердегі инженер-техниктер құрамының білігі мен тәжірибесін бір арнада топтастырып тиімділігін арттыруға бағытталған. Ал, тауарлы мұнай өнімдері өнідірісіне келер болсақ, бөлімше алдында өндірісті тоқтсаусыз қамтамасыз ету үшін бензинді араластырудың автоматты стансасын және тактілі ұйыту автоматты қондырғысын іске қосу, эстакадаларды қайта жаңғырту мәселелері тұр.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу