№8 цехты қайта құрылымдау

№ 8 цехқа қайта құрылымдау жүргізудің  мақсаты – зауыттың сумен жабдықтау және су тарту жүйелерінің өнімділігін арттыру, зауыт пен жаңадан салынып жатқан ХКО мен МТӨК кешендерінің  үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету деңгейіне жеткізу. Осыған байланысты 2012 жылы 19 наурызда «АМӨЗ» ЖШС-нің Техникалық кеңесі өткізілді, онда № 8 цехтың кешендерін қайта құрылмдау мөлшерін анықтап, жобаның шығынын есептеп, әрбір кешен бойынша жасалатын жұмыстарға техникалық аудит жүргізу жөнінде шешім қабылданды. Техникалық аудит мәселелерді анықтап әрі оларды шешудің жолдарын тапты. Ұсыныстар 2013 жылы 5 қарашада зауыттың техникалық кеңесінің отырысында қаралды және «АМӨЗ» ЖШС ивестициялық бағдарламасына 2012-2016 жылдарды қосу жөнінде шешім қабылданды.

Ұсыныстарға мыналар енді:

1. «Механикалық тазарту ғимараттары қондырғысын қайта құрылымдау» жобасы – әзірлеуші «Poligram» ЖШС.       

Жобаның негізгі мақсаты – Механикалық тазарту ғимараттарын (МТҒ) қайта құрылымдау, оның өнімділігін 500 м³/сағ.-тан   700 м³/сағ.-қа  дейін арттыру, хош иісті көмірсутек өндіру (ХКО) және мұнайды терең өңдеу (МТӨК) кешендері құрылысына байланысты, және де келешектегі биологиялық тазартулар үшін ағын сулардың сапасын талапқа сай қамтамасыз ету.

Жоба жұмысы мыналарды қарастырады:

  • Қолданыстағы ыдыстар мен жабдықтарды барынша қолдану;

  • Параллель  жұмыс істейтін  екі тазарту ғимараттары, әрқайсысының өнімділігі 350 м³/с, жөндеу жұмыстарын жүргізу жағдайында тазарту ғимаратының бірін сөндіріп қою мүмкіндігі бар.  

  • Мұнай өнімдері құйылған ыдыстарды жою (айналарды азайту).

2. «Тұзсыздандыру қондырғысының құрылысы және  тазартылған ағындарды салқындату БОСВ қондырғысы» жобасы, әзірлеуші «RBM Sweco Productions» ЖШС.

Жобаның  мақсаты зауыт қондырғыларын қажетті сападағы сумен қамтамасыз ету, сонымен қатар Орал өзенінен алынатын суды 40%-ға дейін азайту.

Жоба жұмысы мыналарды қарастырады:

  • Денитрификация процесін өткізу мүмкіндігімен Аэротенктерді модернизациялау.

  • Жалпы өнімділігі 700 м3/сағ. болатын технологиялық торабы бар тұзсыздандыру  қондырғысын жобалау.

  • Тазартылған ағын судың  80% өндіріске қайтару.

3. «№ 5 цехтың УЗК ағын суларын тазарту    ғимараттарында градирня құрылысы»  жобасы.

Әзірлеуші - «Poligram» ЖШС.

Жобаның негізгі  мақсаты – УЗК реакторларының технологиялық циклында тазартылған суды салқындату және қайта қолдану үшін УЗК ағын суларын тазарту ғимараттарында градирня құрылысы.

Жоба жұмысы мыналарды қарастырады: 

№8 цехының тазарту ғимараттарына  судың  толуын барынша азайту және қайта айналма судың шығынын азайту, ол айналма сумен жабдықтау жүйесі пайдалану арқылы  іске асырылады. Су температураның төмендеуі УЗК тазарту ғимараттарын қалыпты қолдануға мүмкіндік береді, сондай-ақ ағын су арқылы канализацияға ағатын ластайтын заттардың құрамын барынша азайту.