«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
04.10.2016
887 просмотров

«Қазинформ» ақпарат агентігінің сайтында жарияланған, қала көшелерінің бірінде тұрып қалған ірі көлемді құрылғының мұнай өңдеу зауытына қатыстылығына байланысты жаңалықты «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің бұқарамен байланыс жөніндегі бөлімі ресми түрде жоққа шығарады.

2016 жылдың 29 қыркүйегінде орын алған оқиғаға байланысты зауыт мамандары шұғыл түрде оқиға болған жерге барды. Анықталғандай, құрылғы зауытқа арналмаған болып шықты. Ірі көлемді құрылғыда «ПензХимМаш» жазуы болған және құрылғыны тиеген автокөліктің мемлекеттік номері А314 ОУ, 96 аймақ.
Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуші «АМӨЗ» ЖШС мердігерлері мәлімдегендей, «ПензХимМаш» компаниясы кешен құрылысына құрылғы тасымалдаушы болған емес.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу